21 сәуір 2020 6354

Сәтбаев университеті қашықтықтан оқыту режимінде пәндік олимпиада өткізді

Сәтбаев университеті қашықтықтан оқыту режимінде пәндік олимпиада өткізді

2020 жылы 15 сәуір күні Сәтбаев университетінің Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының бастамасымен «Инженерлік механика» пәні бойынша қашықтық режимінде пәндік олимпиада өтті.

Олимпиада 3 мамандық бойынша өтті: Құрылыс, Көлік құрылысы, Көлік, көлік техникасы және технологиясы. Олимпиаданың тапсырмалары студенттердің пәнді терең меңгеруіне, тапқырлығы мен инженерлік қабілеттерін арттыруға арналған.

Олимпиадаға Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларынан алты техникалық жоғары оқу орны қатысты. Олимпиадаға ҚазБСҚА, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА, ОҚМУ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақ темір жол университетінің ХОК студенттері белсенді түрде қатысты. Сәтбаев университетінің студенттері Данияров А.М., Ященко А.И. және Саулетова А.Е. «Құрылыс» мамандығы бойынша 2 және 3-орындарды иеленді.

Елдегі қиын жағдайға қарамастан, студенттер әрқашан белсенді, ізденімпаз, бастамашыл және өз білімдерін жетілдіру мен кеңейтуге ұмтылатындығын ұйымдастыру комитеті атап өтті. Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті олимпиадаға қатысқан студенттер мен университеттердің басшылығынан көптеген жақсы пікірлер алуда. Олимпиада студенттердің – құрылыс және көлік саласының болашақ мамандарының бәсекеге қабілеттілігін, білімдері мен дағдыларының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту