Сәтбаев университеті қашықтықтан оқыту режимінде пәндік олимпиада өткізді
2024 жылы 27-28 наурыз күндері Сәтбаев Университетінің Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының бастамасымен «Инженерлік механика», «Құрылыс материалдары», «Құрылыс конструкциялары», «Геотехника», «Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы» және «Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері» пәндері бойынша қашықтық режимінде пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың тапсырмалары студенттердің пәнді терең меңгеруіне, тапқырлығы мен инженерлік қабілеттерін арттыруға арналған.
Олимпиадаға Алматы, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Астана және Атырау қалаларынан 9 техникалық жоғары оқу орны қатысты. Олимпиадаға Satbayev University, ҚазБСҚА, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Логистика және көлік академиясы, Каспий қоғамдық университеті, Торайғыров университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері белсенді түрде қатысты.
Жүлделі болған студенттердің тізімі:
Сәтбаев университетінің студенттері «Инженерлік механика» пәні бойынша Тетерин Иван – 1 орын, Құдышев Нұрболат – 2 орын, «Құрылыс конструкциялары» пәні бойынша Мажитова Тахмина – 2 орын, Сайлау Әлия – 3 орын, «Геотехника» пәні бойынша Қабыл Әмина – 2 орын, «Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы» пәні бойынша Акулова София – 1 орын, Әлімбай Азамат – 2 орын, «Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері» пәні бойынша Телибаева Жансая – 1 орын, Кривенцова Софья – 2 орын, Сычев Данил – 3 орын иеленді.
Студенттер әрқашан белсенді, ізденімпаз, бастамашыл және өз білімдерін жетілдіру мен кеңейтуге ұмтылатындығын ұйымдастыру комитеті атап өтті. Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті олимпиадаға қатысқан студенттер мен университеттердің басшылығынан көптеген жақсы пікірлер алуда. Олимпиада студенттердің – құрылыс және көлік саласының болашақ мамандарының бәсекеге қабілеттілігін, білімдері мен дағдыларының жоғары деңгейде екенін көрсетті.