25 қаңтар 2022 3216

Сәтбаев Университеті Kazakhstan Smart Space конкурсына тіркелу басталғаны туралы хабарлайды

Сәтбаев Университеті Kazakhstan Smart Space конкурсына тіркелу басталғаны туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және адамның алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығына арналып, ғарыш технологиялары мен техникасы бойынша өтетін «Kazakhstan Smart Space»  халықаралық конкурсына құжаттар қабылдау басталды.

Конкурс ұйымдастырушылары — Сәтбаев Университеті мен Kazakhstan Smart Space.

Конкурсқа ҚР және басқа елдердің колледждері мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінің мектептері мен үйірмелерінің 7–22 жас аралығындағы студенттері мен оқушылары өздерінің оқытушылары және тәлімгерлерімен бірге немесе командамен қатыса алады.

Сонымен қатар белсенді ғалымдар мен инженерлер командалық жобаның менторы ретінде қатыса алады.

Конкурс үш жас категориясында төрт номинация бойынша өткізіледі.

Конкурс номинациялары:

  • Макет
  • Белсенді модель /өнім/ бейнебаян
  • Ғылыми-зерттеу жобасы
  • Жарыс роботтары (Almaty Roboman турнирі аясында RobotChallenge© және FIRST FRC© халықаралық олимпиадалар бағдарламасы бойынша).

Жас санаттары:

  • 12 жасқа дейін қоса алғанда, оның ішінде «бала – ата-ана» отбасылық командалары
  • 16 жасқа дейін қоса алғанда, оның ішінде «бала – ата-ана» отбасылық командалары
  • 16 жастан асқандар және одан жоғарылар үшін жас шамасы шектеусіз.

Тіркеуден өтіп, конкурстың ережелерімен танысу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту