Ақпарат:

15 қараша 2024 752

Сәтбаев университеті Қазақстан-Корея дрон академиясының түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда

Сәтбаев университеті Қазақстан-Корея дрон академиясының түлектері үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда

Сәтбаев университетінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша қысқа мерзімді оқуды сәтті аяқтаған дрон саласындағы құзыреттерді дамыту жөніндегі Қазақстан-Корея академиясының студенттеріне сертификаттар табыс етілді.

Әртүрлі министрліктер мен мемлекеттік ұйымдардан келген 67 қатысушы 8 күн бойы Корея авиация және қауіпсіздік технологиялары институтының (KIAST) оқытушыларынан тәжірибе алды. Бұл жоғары оқу орны – Оңтүстік Кореяның озық технологияларға маманданған жетекші зерттеу университеті. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілі, әуе шабуылына қарсы қорғаныс авиациясының қару-жарақ, әскери техника департаментінің бас сарапшысы Батырбек Рысбаев осы бағдарлама бойынша білімін жетілдіріп, ризашылығын білдірді:

— Бұл бағдарлама өз қызметінде дрон сияқты инновациялық технологияларды қолданғысы келетін картография саласының мамандарына арналған. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану бойынша барлық салаларды қамтитын көптеген қызықты ақпараттар мен корей мұғалімдерінен мол тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік – мұнда алған білімдеріңіз сіздерге алдағы қызметте көмек болады деп сенемін.

Сертификаттарды академия өкілдері мен құрметті қонақтар табыс етті, олар түлектерді құттықтап, Сәтбаев университеті ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қалай жұмыс істейтінін тамашалауға шақырды.

– Біздің университет заман ағымына сай дамып келеді, біз ұшқышсыз ұшу аппараттары саласында белсенді жұмыс істейміз», – деді салтанатты жиында Әскери іс институтының ұшқышсыз ұшу аппараттары циклінің оқытушысы запастағы полковник Бақтияр Бармағамбетов. – Біз университетті оқу алаңы ретінде қарастырамыз да, осы іске қызығушылық танытқан жандардың барлығын өз қатарымызға шақырамыз.

Дрон саласындағы құзыреттерді дамыту жөніндегі Қазақстан-Корея академиясын ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі ұшқышсыз ұшақтарды шығаратын қазақстандық BET SKY компаниясының белсенді қолдауымен және Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігімен (MOLIT), әрі Корея авиациялық қауіпсіздік технологиялары институтымен (KIAST) бірлесіп ашты. Бірінші шығарылым 2024 жылғы қыркүйек айында болған еді.

Сәтбаев университеті бұл жобаны қолдайды және осы жөнінде тұрақты түрде семинарлар мен курстар өткізуді жоспарлап отыр, сөйтіп білім беру бағдарламаларының ауқымын кеңейтіп, тәжірибе алмасу үшін Кореядан жаңа сарапшылар шақырмақшы. Алдағы жоспар – Қазақстанда ұшқышсыз технологиялар саласын білікті мамандармен қамтамасыз ететін кадрларды даярлаудың тұтас экожүйесін құру.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту