Ақпарат:

27 мамыр 2024 3433

Сәтбаев Университеті «Қазақстан-Сингапур форумында»: ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Сәтбаев Университеті «Қазақстан-Сингапур форумында»: ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев, инженерлік зертхананың директоры, профессор Азат Сейтхан және гидрогеолог Валентина Салыбекова «Ғылым және жоғары білім саласындағы серіктестіктің жаңа көкжиектері» атты Қазақстан-Сингапур форумына қатысты.

Университет делегациясы форумның пленарлық отырысына және «Су ресурстарын тұрақты басқару» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты, әрі бизнес, құқық және ақпараттық жүйелер саласы бойынша мамандандырылған әлеуетті серіктес – Сингапур менеджмент университетімен байланыс орнатты. Бұл – мамандандырылған университеттер арасында QS рейтингі бойынша әлемде 15-орында және Master of IT in Business бағдарламасы бойынша Азияда 2-орында тұрған университет.

Сәтбаев Университетінің өкілдері сонымен қатар QS әлемдік университеттер рейтингі Тынық мұхиты аймағының басшылары Моника және Сергей Христолюбовтармен кездесіп, университеттердің әлемдік рейтингтердегі өзекті мәселелерін талқылады.

Жер асты суларының ресурстарын зерттеу және оны ұтымды пайдалану Қазақстанның тұрақты дамуы үшін өте маңызды. Осы сала бойынша гидрогеология мамандары мен ғылыми жобаларды даярлау негізгі рөл атқарады. Сондықтан да Қазақстан мен Сингапур ғылым және жоғары білім беру саласында бірқатар өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Сингапурда қазақстандық дарынды студенттерге Сингапурдың үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін бірқатар қазақстандық студенттік стипендиялар бар. «Қазақстан-Сингапур форумы: Ғылым және жоғары білім берудегі серіктестіктің жаңа көкжиектері» атты форум ғылым саласы бойынша Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Silk Way телеарнасына берген сұхбатында ведомство ғылым саласы бойынша Сингапурмен ынтымақтастық қарым-қатынасын кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы айтып, су ресурстары саласына қажетті мамандар даярлау және осы басым секторда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесіне ерекше назар аударылатыны туралы айтқан болатын.

Форум аясында жаңа келісімдерге қол қоюмен қатар қазақстандық білім беру мен «Болашақ» бағдарламасының көрмесі өтті, оған Сәтбаев Университетінің делегациясы белсенді түрде қатысты.

Сәтбаев Университеті «Қазақстан-Сингапур форумында»: ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту