4 мамыр 2023 3598

Сәтбаев Университеті Қазақстан жауынгерлерін құттықтап, Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды

Сәтбаев Университеті Қазақстан жауынгерлерін құттықтап, Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институтында Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара салтанатты түрде өтті. Университеттің ардагер ұстаздары, офицерлері мен студенттері батырларды еске алып, айтулы датаны атап өту үшін жиналды.

Мереке «Ер есімі – ел есінде» атты мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл тақта әйгілі Политехтың әскери кафедрасында оқып, білім алып, қан майданда ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен атақты жауынгер-батырларға арналып, Сәтбаев Университетінің қабырғасында арнайы ашылған болатын.

Жиында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, академик, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, университеттегі «Ақсақалдар алқасы» кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Ұлықпан Сыдықов бірінші сөз алды. Ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, университетіміздің мақтан тұтатын жетістіктерін еске салды.

Satbayev University поздравляет казахстанских военных и чествует память о героях Великой Отечественной войны

Әскери істер институтының тарихы Ұлы Отан соғысына дейін бір жыл бұрын басталады, дәл сол жылы Политехта Әскери кафедра ашылып, онда еліне берілген ержүрек адамдар білім алды. Соғыс жылдарында университеттің 6 студенті Совет Одағының Батыры атағын алды. Кейіннен біздің университетте Совет Одағының Батыры атағын екі мәрте алған, Қазақстанның даңқты перзенті, ұшқыш Талғат Бигелдинов оқыды, ол соғыстан кейінгі студенттердің бірі болды, кейін университетіміздің құрметті профессоры атанғын алды.

Әскери іс институтының офицерлері бұл эстафетаны енді еліне абыроймен қызмет етуге ант еткен инженерлердің жас буынына тапсыруда. Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты Қазақстандағы ең беделді әскери оқу орындарының бірі болып саналады. Оның көптеген түлектері қазір жоғары шенді қызметтер атқарады.

— Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын! - деді өз құттықтау сөзінде Ұлықпан Есілханұлы. — Осы екі мереке де біз үшін өте маңызды. Қазақстанның бірде-бір жоғары оқу орнында дәл мұндай батырлар жоқ, олар – біздің мақтанышымыз!

Satbayev University поздравляет казахстанских военных и чествует память о героях Великой Отечественной войны

Университет басшылығы ардагерлерді мерекемен құттықтап, Әскери іс институты оқытушыларының осы оқу жылындағы жетістіктерін атап өтті. Офицерлер ректордың қолынан Құрмет грамоталарын алды, ал жалпы әскери дайындық циклінің аға оқытушысы, подполковник Бәкір Изатов 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қаныш Сәтбаев атындағы Алтын медальмен марапатталды.

Мерекелік іс-шара аясында көрме ұйымдастырылып, Әскери іс институтының рөлі туралы материалдардан бөлек, Ұлы Отан соғысындағы қару-жарақтар да көрмеге қойылды. Жиынның салтанатты бөлімінен кейін мерекелік концерт өтті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Әскери іс институтының Құрлықтағы әскерлер бөлімінің курсанттары қару-жарақпен ұрыс тәсілдерін орындаса, ДШВ әскерлерінің 38-ші бригадасының әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетіп, біздің жауынгерлеріміз Отан қорғауға, егемен Қазақстанның игілігі жолындағы кез келген күтпеген жағдайға дайын екендігін айқын көрсетті!

Satbayev University поздравляет казахстанских военных и чествует память о героях Великой Отечественной войны

Satbayev University поздравляет казахстанских военных и чествует память о героях Великой Отечественной войны

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту