Ақпарат:

24 қараша 2021 4569

Сәтбаев Университеті «Қазақстандағы жобалау менеджменті» атты конференцияға шақырады

Сәтбаев Университеті «Қазақстандағы жобалау менеджменті» атты конференцияға шақырады

Жобаларды басқару институты жобаларды басқару ісі қызықтыратын барлық ғалымдарды 25–26 қараша күндері Халықаралық ақпараттандыру академиясының Бірінші вице-президенті, кейіннен ХАА-ның Бас директоры, ҚР Жоба менеджерлері одағының президенті, ХАА және ҚР ҰГҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Цеховой Алексей Филипповичтің 80 жылдығына арналған «Қазақстандағы жобалау менеджменті: жағдайы, мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференция 2021 жылы 25–26 қараша күндері онлайн түрде өтеді.

Конференция Қазақстандағы жобаларды басқару ғылымына арналған, оны Сәтбаев Университеті Халықаралық ақпараттандыру академиясымен (ХАА) және ҚР Жоба менеджерлері одағымен бірлесе ұйымдастырып отыр. Конференцияда Қазақстандағы жобалық менеджменттің даму тенденциялары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жобаларды басқару, жобаларды басқару саласындағы мамандарды даярлау мәселелері қарастырылады.

Конференцияда қаралатын мәселелер тақырыптары:

  • Өнеркәсіп салалары бойынша жобаларды басқару практикасы;
  • Компаниядағы өзгерістер мен трансформацияны жобалар арқылы басқару;
  • Жобаларды басқарудағы IT-технологиялар;
  • Әлеуметтік жобаларды басқарудың ерекшеліктері;
  • Жобалау менеджментінің әдістері мен құралдарының тиімділігін бағалау;
  • Agile практикасы.

Конференцияға мына органдар өкілдері қатысады:

  • Министрліктер мен ведомстволар
  • Мемлекеттік басқару академиясы
  • Ұлттық компаниялар
  • Ірі, орта және шағын бизнес өкілдері
  • ЖОО мен ғылыми ұйымдар
  • Кәсіби ассоциациялар
  • Шетелдік сарапшылар (АҚШ, Европа, Ресей) және т.б.

Конференция бағдарламасы

25 қараша

10:00–11:00 – Пленарлық отырысқа қатысушыларды тіркеу

11:00–13:00 – Пленарлық отырыс

Конференция идентификаторы: 835 5465 9825, ашу коды: 345537

14:30–17:00 – Конференция секцияларының жұмысы

26 қараша

10:00–12:00 – Шеберлік сағаттарын өткізу

12:00–13:00 – Конференцияның жабылуы (нәтижелерді қорытындылау, қатысушыларды электронды сертификатпен марапаттау)

Конференция идентификаторы: 838 7823 8949, ашу коды: 676837

 

Алексей Филиппович Цеховой

Техника ғылымдарының докторы, Сәтбаев Университеті Е.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты кафедрасының профессоры, белгілі ғалым, саяси қызметкер, тәжірибелі оқытушы. Алексей Цеховой Сәтбаев Университетінде Жобаларды басқару кафедрасының негізін қалаушы, жобаларды басқару мәселелерімен белсене айналысты, еліміздің жоғары білім беру жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды.

Алексей Цеховой өзін қоғамдық және саяси қайраткер, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі ретінде танытты, ол осы партияның стратегиялық құжаттарын әзірлеуге және Қазақстан Республикасын дамытуда өмірлік маңызы бар әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелерді шешуге көп еңбек сіңірді. Сонымен қатар ол Халықаралық ақпараттандыру академиясы, Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі одағы және Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы сияқты үкіметтік емес ұйымдарды құруға және оларды дамытуға зор үлес қосты.

Алексей Цеховой қалың оқырманға арналған, әсіресе жобаларды басқару саласына бағытталған 250-ден астам ғылыми мақалалар, монографиялар, көптеген эссе, брошюраларды жариялады.

Көп жылғы ғылыми-педагогикалық жемісті қызметі үшін Алексей Цеховой КСРО Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, КСРО Жоғары білім министрлігінің «Еңбектегі тамаша табысы үшін» төсбелгілерімен марапатталған, сондай-ақ «III дәрежелі Тау-кен даңқы» және «II дәрежелі Тау-кен даңқы» төсбелгілерінің, «Жоғары кәсіпқойлығы үшін» берілетін ұлттық рейтингтік агенттігі сапа жұлдызының, ҚР МЦРИАП «Ұлт Қайраткері» және «Үздік байланысшы» төсбелгілерінің иегері. Алексей Филипповичтің өмірдегі басты мақсаты – өз бетінше ойлай білетін, жоғары білімді, саналы, әлеуметтік жауапкершілігі мол қоғам мүшелерін қалыптастыру.

 

Барлық сұрақтар бойынша:
Жобаларды басқару институтының директоры Амралинова Бақытжан – 8 777 271 11 25, conference@spmrk.kz
МиМЭ кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сұлтанбекова Жанат – 8 701 930 37 71, conference@spmrk.kz
ҚР Жоба менеджерлері одағының  атқарушы директоры Некрасова Наталья – 8 777 327 90 01, conference@spmrk.kz

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту