Ақпарат:

31 тамыз 2023 3355

Сәтбаев Университеті қазақстандықтардың өмірі жайлы болуына ЖЭК саласындағы ғылыми әзірлемелер арқылы үлес қосады

Сәтбаев Университеті қазақстандықтардың өмірі жайлы болуына ЖЭК саласындағы ғылыми әзірлемелер арқылы үлес қосады

Жаңартылатын энергия көздері саласы бойынша Қытай-Қазақстан ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі II конференция, Астана, 31 тамыз, 2023.

Жаңартылатын энергия көздері саласы бойынша Қытай-Қазақстан ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өз жұмысын бастады. Конференция «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналып, жасыл энергетика саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған. Сәтбаев Университеті осы жиынға белсенді түрде қатысушылардың бірі болды.

Сәтбаев Университеті қазақстандықтардың өмірі жайлы болуына ЖЭК саласындағы ғылыми әзірлемелер арқылы үлес қосады

Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев конференцияда баяндама жасап, өз көзқарастарымен бөлісті және университеттегі «таза энергетиканы» дамыту бағдарламасына тоқталды. Бұл бағдарлама тек мамандар даярлауды ғана емес, сонымен қатар геотермальдық суларды кешенді түрде пайдалануды, энергетика мен машина жасау саласында энергия тиімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу бағдарламасын, Күн және жел энергетикасы зертханасын құру жөніндегі ауқымды жұмыстарды қамтиды.

Сәтбаев Университеті жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Атап айтқанда, Сәтбаев Университетінің Физика-техникалық институты модульдік үлгідегі тиімділігі жоғары күн-сутекті электр қондырғысын құру жобасы бойынша айтарлықтай табысқа жетті, бұл республикада күн-сутегі энергетикасын қалыптастыруға негіз бола алады. Аталмыш гибридті қондырғы ашық күнде ғана емес, тіпті түнде де электр энергиясын алуға мүмкіндік береді.

– Форсайттық зерттеулер деректеріне сүйене отырып және кадр даярлау мәселесін тиімді жоспарлауды қолдана отырып, біз Сәтбаев Университетінде жаңартылатын энергия көздері саласы бойынша білім беру ісін және ғылыми-зерттеу қызметін дамытудамыз, – деді өз сөзінде ректор Мейрам Бегентаев. – Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтарды сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерімен қамтамасыз етіп, қолжетімділігін арттыру.

Осы мақсатқа жету үшін Сәтбаев Университеті электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін қытайлық «Kazakhstan Energy Investment» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық байланыстың негізгі бағыттары – мамандарды тәжірибелік тұрғыда даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстары. Университет кәсіпорынға қажетті мамандарды даярлайды, ал кәсіпорын олар үшін өндірістік тәжірибе алатын база болады.

Сәтбаев Университетінің ғылыми әзірлемелері еліміздің барлық аумағындағы халықтың жайлы өмір сүруі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздеріне негізделген шағын энергетикалық нысандардың қалыптасуына және дамуына көмектеседі.

Сәтбаев Университеті қазақстандықтардың өмірі жайлы болуына ЖЭК саласындағы ғылыми әзірлемелер арқылы үлес қосады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту