Сәтбаев Университеті Қазақстанның алғашқы киберспорттық студенттер лигасын өткізеді
"Халық" қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетімен және Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорымен бірлесе отырып, Qazaq Cybersport Federation қолдауымен студенттік киберспорт бойынша ұлттық жобаның – National Esports Student Association басталғаны туралы хабарлайды.
Kazakhstan Esports Student League қауымдастығы еліміздегі жас ұрпақ арасында киберспортты насихаттау мақсатында құрылған. Осындай лиганы құру – Қазақстандағы киберспортты дамытудағы үлкен қадам: еліміздің үздік жоғары оқу орындары алғаш рет киберспорттық пәндер бойынша өз құрамаларын жинайды.
"Халық" қайырымдылық қоры мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің елдегі ең ірі және беделді жоғары оқу орындарын біріктіретін жобадағы бастамасы студенттік ортада олимпиадалық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған және спорт мәдениетін танымал етуге жағдай жасайды. Kazakhstan Esports Student League Қазақстанда киберспорт қоғамдастығын дамытуға жүйе құраушы серпін беріп қана қоймай, көптеген жас таланттарды да ашады.
Ұлттық Олимпиадалық комитет мойындаған және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аккредиттеген Qazaq Cybersport Federation қатысуы студенттік командаларға үлкен киберспорт әлеміне жол ашып, турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Kazakhstan Esports Student League серіктестері қарқынды танымалдыққа ие болып келе жатқан жастар платформасын қолдай отырып, студенттік аудиторияның Олимпиада ойындарына және жалпы спортқа деген қызығушылығының артуын, сондай-ақ жас ұрпақтың спорттық іс-шараларға белсенді қатысуын күтеді.
Киберспорттық студенттер лигасы тұрақты негізде өтеді және төрт маусымнан тұрады, олардың әрқайсысында ойын пәндері өзгеріп отырады.
Лиганың бірінші маусымында ішкі жарыстардың нәтижелері бойынша қалыптасатын жеті университеттің: UIB, Astana IT University, KBTU, AUES, IITU, Satbayev University және KazNU құрамалары қатысады. Турнирдің екінші маусымынан бастап қалған барлық ЖОО-лар үшін National Esports Student Association-ға кіру мүмкіндігі ашылады.
Студенттік лиганың бірінші маусымы PUBGMobile, CS:GO және StarcraftII пәндері бойынша 2020 жылдың 10 қазаны мен 12 қарашасы аралығында өткізіледі. Турнирлерге тіркелу 2020жылдың 2 қазанында ашылады.
Тіркеу рәсімі:
1) Pinger сайтында тіркелу немесе өз командаңызды тіркеу
2) университет өкілдеріне команда құру туралы хабарлау (ақпаратты SatbayevUniversity лигасының телеграм-арнасынан қараңыз).
3) ЖОО өкілі ақпаратты Лигаға тапсырады және тіркелгенін растайды.
Қазақстанның киберспорттық студенттер лигасына қатысыңыз! Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды!