Ақпарат:

24 қыркүйек 2021 4866

Сәтбаев Университеті Қазақстанның ядролық өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандар даярлайды

Сәтбаев Университеті Қазақстанның ядролық өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандар даярлайды

Сәтбаев Университеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірлесіп құрылған Ядролық өнеркәсіп жөніндегі Халықаралық ғылыми-білім беру орталығының магистратура бағдарламасының түлектеріне диплом табыс етті.

Дипломдарды табыс ете отырып, Сәтбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі Проректоры Бақыт Жәутіков түлектерді қуаныштарымен құттықтап, олардың жоспарларының жүзеге асуына және жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Біздің түлектердің алған білімі оларға биік жетістіктерге жетуге және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті маман атануға көмектеседі деп сеніммен айта аламыз», – деді Бақыт Жәутіков.

Аталмыш мерекелі іс-шараға сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қ.Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен институтының өкілдері де қатысты.

– Түлектерімізге диплом тапсыру рәсімі біздің кәсіби мерекеміз – Ядролық өнеркәсіп қызметкерлері күніне орайластырылғанына өте қуаныштымын, – деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ләззат Қожахметова. – Түлектерді құттықтаймын, оларға сәттілік тілеймін! Мен сондай-ақ Сәтбаев Университетіндегі әріптестерімізді де құттықтаймын! Осы түлектерге білім беруде олар көп күш жұмсады, тапжылмай еңбек етті. Ал түлектеріміз енді алған білімдерін кәсіби қызметте қолдануы ғана қалды.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы – табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы, Қазақстан Республикасының уран, сирек металдар мен атом электр станцияларына арналған ядролық отынды импорттау мен экспорттау бойынша ұлттық оператор болып табылады. Оның әлемдік нарықтағы алдыңғы қатарлы орны өндіріс пен бизнес-процестерді үздіксіз жақсартуға, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау мен оларды дамытуға байланысты.

Бұған Сәтбаев Университетінде құрылған Қазақстандағы уран өнеркәсібінің ең ірі ғылыми-әдістемелік орталығы – МЕНОЦАП көмектеседі. Орталықтың миссиясы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бірегей өндірістік тәжірибесін сақтау, жүйелеу, дамыту және уран өнеркәсібінің жаңа буыны үшін кадрлар даярлау. Бұл туралы осы іс-шараға қатысқан Қазақстан ядролық университеті филиалының директоры – ректор міндетін атқарушы Серікжан Есқұлов былай деді:

– Сонау 2005 жылы «Қазатомөнеркәсіп» шикізат өндірісін 15 мың тоннаға дейін ұлғайтудың ауқымды бағдарламасын қабылдаған кезде бір канадалық журналист «бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қазақстанда жақсы даярланған мамандардан басқаның барлығы да бар» деген болатын. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, «Қазатомөнеркәсіп» бұл мәселені атақты Политехтың көмегімен шешті. Осыдан 16 жыл бұрын біз таңдап алған жігіттердің басым көпшілігі қазір бізбен бірге жұмыс жасайды және олар компанияда жетекші қызметтер атқарады.

Негізгі пәндерді оқыту үшін Орталықта Ұлттық атом компаниясының қызметкерлері мен ардагерлері арасынан «Ақсақалдар кеңесі» құрметті профессорлар қауымдастығы құрылды, олар өз білімдері мен мол тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуде. Олардан басқа Орталықта әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші мамандар сабақ береді, оның ішінде Лорен университетінен шақырылған атақты геолог Мишель Дюне және Қазақстанда уран кен орындарын алғашқы ашушы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Халел Әубәкіров бар.

Сәтбаев Университеті түлектерді қуаныштарымен құттықтайды және өмірлеріне сәттілік тілей отырып, осы салада халықаралық деңгейдегі жоғары білікті маман болуларына, ойға алған істерін жүзеге асыруға тілектестік білдіреді!

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту