Ақпарат:

10 ақпан 2021 2683

Сәтбаев университеті «Кеншілер апталығы-2021» -ге қатысты

Сәтбаев университеті «Кеншілер апталығы-2021» -ге қатысты

Сәтбаев университетінің профессоры Баян Ракишев «Жер асты және ашық геотехнология» сессиясына қатысып, «Қазақстанның Көксай мыс кені карьерінің негізгі параметрлерін негіздеу» тақырыбында баяндама жасады.

«МБжҚИ» ҰТЗУ-дегі 29-шы «Кеншілер апталығы» халықаралық тау-кен өнеркәсібі форумы іс-шарасына Польша, Германия, Австралия, Қырғызстан, Украина, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Белоруссия, Вьетнам және Болгариядан 500-ден астам сала мамандары қатысты.

«Кеншілер апталығы» – бұл Ресейдегі жыл сайын өтетін ең ірі ғылыми-практикалық тау-кен өнеркәсібі форумы. Бүкіл әлемнің бизнес, үкіметтік, ғылыми және білім беру қоғамдастықтарының өкілдері 25 жылдан астам уақыт бойы осы іс-шарада кездесіп келеді. Форум барысында жетекші ғылыми-техникалық әзірлемелер, инновациялар және Ресей, Еуропа, Азия мен Австралиядағы тау-кен мектептері өкілдерінің зерттеулері, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі кешенінің заманауи мәселелерін шешудің әдістері мен тәсілдері ұсынылады.

Дүниежүзілік тау-кен конгресінің төрағасы, профессор Марек Цала (Польша) форумның жалпы отырысында былай деп атап өтті:

«Бүкіл әлемдегі тау-кен өнеркәсібінде байқалатын негізгі тенденциялардың қатарына төмен көміртекті тау-кен байыту әдістеріне көшу, тау-кен саласын қаржыландырудың жаңа тәсілдері, геосаяси тәуекелдерге есеп жүргізу және протекционизм, тау-кен байыту және қайта өңдеу процестеріне big data тәсілін енгізу, жұмыс процестерін модернизациялау, соның ішінде саланы роботтандыру және жалпы цифрландыру процестері жатады».

Сарапшының пікірінше, халық санының өсуін ескере отырып, тау-кен өнеркәсібі даму бағыттарын түбегейлі түрде кеңейтуге мәжбүр болып отыр, яғни – теңіз түбінің кендерін байытып, космос кеңістігіндегі тау-кен өндірісі технологияларын дамытумен айналысады. Ұқсас, альтернативті әдістер ретінде Biomining және Urban Mining, яғни электронды қалдықтардан пайдалы қазбаларды бөліп алу, биологиялық сілтісіздендіру және биологиялық тотықтандыру әдістерін қолдана отырып, жарамсыз кендер мен қалдықтарды қайта өңдеу әдістері пайдаланылады.

Пікірсайысты одан әрі жалғастыра келе, «МБжҚИ» ҰТЗУ тау-кен институтының директоры Александр Мясков университеттердің жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлауға үлес қосу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында «Тау-кен саласындағы кадрлық мәселелер» тақырыбын көтерді.

hh.ru және «Сіздің жұмысыңыз» порталдарының мәліметтеріне сәйкес, таяу жылдарда тау-кен ісі бойынша ең көп сұранысқа ие мамандар жоғары оқу орындарының түлектері емес, орта кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері болатынын А.Мясков атап өтті.

«Тау-кен саласына болашақ кадрларды даярлауда университеттердің қатысуы қаншалықты қажет болады деген сұрақ туындайды. Біраз уақыттан кейін де сұранысқа ие болатын мамандарды даярлаудамыз ба? Егер біз тау-кен саласындағы қолданбалы мамандықтарға дейін төмендеген болсақ, онда бұл бізге оқуға түскен талапкерлер мен біздің түлектердің белгілі бір тілек-өтініштеріне байланысты», – деді өз сөзінде А.Мясков.

Сондай-ақ спикер «біліктілік шұңқыры» деген тұжырымдаманы да түсіндіріп өтті, яғни әлемдегі лауазымдардың көпшілік бөлігін құзыреттілігі жеткіліксіз немесе құзіреттілігі шамадан тыс адамдар иеленеді.

Мясковтың пікірінше, экономикалық тұрғыдан алғанда, «біліктілік шұңқыры» тұтас әлемнің және нақты елдердің ЖІӨ шеңберінде айтарлықтай шығындар әкеледі. Спикер мамандар даярлаудың барлық кезеңдерінде университеттер мен бизнес-серіктестер арасында салалық компаниялар қызметінің ерекшеліктерін анықтаудан бастап, өндірістік практика мен тағылымдаманы ұйымдастыруға дейін диалог болуы өте маңызды екендігіне баса назар аударды.

Сессияға Ресейлік WWF бизнестің экологиялық жауапкершілігі жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Алексей Книжников қатысты. Ол өз баяндамасында тау-кен байыту саласы мен табиғатты қорғау ұйымдарының өзара тығыз байланысы туралы айтты. 2017 жылдан бастап Ресейде тау-кен байыту және металлургия компанияларының экологиялық ақпаратының ашықтығы туралы рейтинг жүргізіледі. Книжников рейтинг бойынша жұмыс істеу сала өкілдері мен табиғатты қорғау ұйымдары арасындағы өзара сенімділікті арттыруға көмектесетінін атап өтті.

Пленарлық отырыста басқа мәселелермен қатар әлемдік деңгейдегі халықаралық ғылыми және білім беру орталықтарын (ХҒББО) дамыту мәселелері де талқыланды, бұл мәселе «Ғылым» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Пермь аймақтық «Жер қойнауын ұтымды пайдалану» ҒББО қатысушыларының бірі – Ресей Ғылым академиясы Орал бөлімшесінің Пермь федералдық зерттеу орталығының директоры Александр Баряхтың айтуынша, шын мәнінде халықаралық деңгейге көтерілуге ықпал ететін модель - ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынасты, халықаралық техникалық сараптаманы, сондай-ақ инновациялық дамуға ықпал ететін ғылыми және білім беру экожүйесін дамытуды тұспалдайды. ҒББО қызметі үкіметтің, бизнестің, университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өзара іс-қимылына негізделген.

Олар ғылым, инновация, білім беру, цифрлық экономиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастауға, сондай-ақ «өзіндік» аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыруға арналған. 2024 жылға дейін осындай 15 орталық ашу жоспарланып отыр.

 

«МБжҚИ» туралы:

«Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҰТЗУ – елдегі ең қарқынды түрде дамып келе жатқан ғылыми және білім беру орталықтарының бірі. Ресейдегі технологиялық білімнің көшбасшыларының қатарында бола отырып, «МБжҚИ» ҰТЗУ сонымен қатар толыққанды ғылыми орталық болып табылады. Университет THE, QS және ARWU пәндік рейтингтері бойынша 16 бағытта әлемдегі бірден-бір жетекші орындарды алады, ол «Инжиниринг–Тау-кен ісі» (QS рейтингі) және «Инжиниринг–металлургия» (ARWU рейтингі) категориялары бойынша үздік 100-дікке енеді, ал материалтану саласында «МБжҚИ» ҰТЗУ 101+ үздік университеттер тобына кіреді (QS рейтингі).

«МБжҚИ» ҰТЗУ-нің 2020 жылға арналған стратегиялық мақсаты – мамандандыру салаларында: материалтану, металлургия, тау-кен ісі және басқа да салаларда көшбасшылықты нығайту, сондай-ақ био-, нанотехнологиялар мен ақпараттық технологиялар саласындағы позицияларын едәуір күшейту. Университеттің құрамына 10 институт, 6 филиал кіреді – төртеуі Ресейде, екеуі шетелде. «МБжҚИ» ҰТЗУ-те 20 000-нан астам студент оқиды, олардың 26%-ы – 84 елдің студенттері. Университетте 30-дан астам ғылыми зертханалар мен  әлемдік деңгейдегі 3 инженерлік орталық бар, оларда ресейлік және шетелдік жетекші ғалымдар жұмыс істейді. «МБжҚИ» ҰТЗУ Ресейдегі және әлемдегі ең ірі жоғары технологиялық компаниялармен бірлескен жобаларды сәтті түрде жүзеге асырып келеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту