Сәтбаев университеті Халықаралық күні аясында білім беру шекарасын кеңейтуде

Сәтбаев университетінде Халықаралық күн – яғни студенттер өздерінің халықаралық оқу траекториясын таңдайтын күн өтті. Сонымен, АҚШ, Германия, Ұлыбритания немесе Гонконгты таңдау керек па? Халықаралық күні жәрмеңкесінде студенттер әлемнің үздік бес университетінің өкілдерімен кездесіп, Сәтбаев университетінде оқи жүріп, бірден екі диплом қалайша алуға болатынын біліп шықты.
Іс-шараны ашар кезде сөйлеген сөзінде Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев университеттің халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы студенттерге екі диплом алып қана қоймай, әлемдік кәсіби қауымдастықтың бір бөлшегі болуға да мүмкіндік беретінін атап өтті:
«Шетелдік серіктестерімізбен бірге іске қосқан барлық бағдарламалар біздің студенттердің игілігі үшін, еліміздің игілігі үшін, тұрақты болашағымыз үшін жасалып отыр. Студенттеріміз осы мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін сұхбаттарға белсене қатысуы мен үшін үлкен мақтаныш», –деді ректор.
«Тек соңғы екі жылдағы серіктестік келісімдер аясында біздің 14 студентіміз Penn State университетінде (АҚШ) білім алды, ал 87 студент Гонконгтың CityU университетінде оқу үшін іріктеуден өтті. Тағы да 20 студент Exeter университетінде, ал 11 магистрант Глазго университетінде және Германиядағы Хоф университетінде оқуларын жалғастыруды жоспарлап отыр», – деген статистикалық мәліметті Бегентаев келтірді.
Студенттер шетелдік университеттер оқытушыларымен және студенттерімен бетпе-бет танысуға, университет өкілдерімен сөйлесуге, бағдарламалар, оқуға қабылдау талаптары мен халықаралық мансап перспективалары туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Іс-шараға сегіз елдің өкілдері қатысты: Ауғанстан, Франция, АҚШ, Қытай, Чехия, Иран, Тәжікстан және Қырғызстан.
Сәтбаев университетімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын шетелдік жетекші университеттер өз мүмкіндіктерімен күні бойы таныстырды. Олардың қатарында – City University of Hong Kong, University of Glasgow, Penn State University, University of Exeter және Hof University of Applied Sciences бар. Бұл университеттер өз елдерінде ең үздік университеттердің бірі, олар Сәтбаев университетінің студенттеріне инженерия мен ақпараттық технологиялардан бастап, тұрақты даму мен қолданбалы ғылымдарға дейінгі салалар бойынша оқуды ұсынады. Соңғы екі жылда бұл бағдарламаларға 150-ден астам студент қатысып, Шотландияда, АҚШ-та, Кореяда және Гонконгта білім алуды таңдады.
Халықаралық күн көрсеткендей, Сәтбаев университеті студенттерінің таңдауы өте кең: британдық академиялық классикалық білім алудан бастап, американдық және азиялық инновацияларға дейін. Бұл мүмкіндіктердің барлығы – университеттің халықаралық жүйелі стратегиясының нәтижесі, ол инженерлер мен ғалымдардың әлемдік деңгейде жұмыс істей алатын жаңа буынын дамытуға бағытталған.