Сәтбаев Университеті қоршаған қоршауын бұзып, өз саябағын қала тұрғындарына ұсынады
Алматы қаласының көркеюіне Политех өз үлесін қоспақшы – бұл туралы 14 маусымда «Сәтбаев Университетінің территориясын жаяу жүргіншілер кеңістігіне айналдыру және Алматы қаласының шығармашыл жастарын өзіне тарту орталығына айналдыру туралы» жобасымен таныстыру барысында айтылды. Алматы қаласының танымал сәулетшілері жоғары бағалаған болашақ даму жолдары туралы жобаны Сәулет және құрылыс институтының студенттері мен оқытушылары осы жиын барысында көпшілік назарына ұсынған болатын.
Тұсаукесер шарасына арналған жиынға Университеттің корпоративті даму жөніндегі проректоры Ержан Кулдеев, Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев, ректордың кеңесшісі Ұлықпан Сыдықов, Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сайран Фазылов, Алматының жаңа бас жоспарының авторы Алтай Сатыбалдиев, Сәтбаев Университетінің институт директорлары және басқалар қатысты.
Студенттер мен оқытушылар Қ.И. Сәтбаев атындағы алаңды жалпы қалалық қоғамдық орынға айналдыруды, осылайша қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарына қол жетімді таңғажайып туристік орталық құруды ұсынды. Басқа да идеялармен қоса, автотұрақтың орнына өнер аймағын, су айдындарын, ашық фуд-корт және қала тұрғындарына арналған кафе ашу ұсынылды. Сондай-ақ университеттің өткен тарихы мен келешегін байланыстыратын мұражай ашу және «Дос-Мұқасан» аллеясын ашу идеясы да ұсынылды.
Осы идеялардың барлығы Алматыға «бақша-қала» атағын қайтаруға бағытталған бастамалар ретінде сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Сайран Фазылов бұл идеяларды қолдай отырып, оларды жүзеге асыру үшін ғаламдық әдіс-тәсілдер қажет екенін атап өтті:
– Жасыл архитектура идеясы – өте қызықты идея, – деді ол. – Сіздерге бұл жобаны аяқтап, оны іске асыру сатысына жеткізу керек. Мен бұл идеяны қолдаймын және студенттерде осындай идея туғанына өте қуаныштымын. Егер де біз мұны бірлесіп жүзеге асыра алмайтын болсақ, онда біздің құнымыз түкке тұрғысыз болғаны.
Ректордың кеңесшісі Ұлықпан Сыдықов та идеяны қолдады:
– Біздің сәулетшілер мен оқытушылар өте жоғары деңгейде жұмыс істейтіндігін атап өткім келеді, – деді ол. – Бұл жоба әлемдік деңгейдегі тәсілдігімен және туған қаламызға деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Жеңіп шығатынымызға мен сенімдімін. Біз әлі талай жетістіктерге бірге жетеміз!
Тұсаукесер жиыны аса жоғары шығармашылық атмосферада өтті. Аты аңызға айналған Политехтың болашақ өзгерістерімен шабыттанған көпшілік қауым жаңа идеяларымен, жаңа ойларымен бөлісті.