17 сәуір 2019 5319

Сәтбаев университеті қос мерейтойды атап өтті

Сәтбаев университеті қос мерейтойды атап өтті

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, ҚР-ның ғылымы мен білімінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін ғалымдарға «Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Құрметті профессоры» атағын беру рәсімі, көрнекті ғалым ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі – осы іс-шараның бәрі қазақтың тұңғыш кенші ғалымы, академик Қ. И. Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойы мен университеттің 85 жылдық мерейтойына орайластырылып, Сәтбаев университетінде 12 сәуір күні өткізілді.

Аталмыш іс-шараларға қатысушылар Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан ғылымы мен өнеркәсібінің қарыштап дамуына қосқан сүбелі үлесіне жоғары баға беріп, кеңінен атап өтті.

– Қазақ даласының кемеңгер ұлы, ғалым-геолог Қаныш Сәтбаев – Жезқазған жерінде мыстың мол кенін, Жездіде марганецтің мол қорын ашқан алғашқы атақты кенші. Ол Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалап, өзі соның тұңғыш президенті болды. Қаныш Имантайұлының елеулі еңбегінің арқасында халқымыз бүгін қол жеткізіп отырған ғылыми және инновациялық потенциалымыздың іргесі қаланды, – деді өз сөзінде ғалымның шәкірті, философия ғылымдарының докторы, академик Досмұхамед Кішібеков Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінде.

Ұлы ғалымның ардақты есімімен аталатын Сәтбаев университеті өзінің бүкіл тарихында Қаныш Сәтбаевтың өсиетіне берік болып, оның бастаған игі істерін әрі қарай құрметпен жалғастырып келеді. Ғалымның қолдауымен ашылған Қазақ тау-кен-металлургия институты республика жастарына инженерлік білім беретін бірден-бір жоғары оқу орны атанып, еліміздің ғылыми және инновациялық потенциалының іргесін қалады. Сөйтіп аты аңызға айналған Политех қашан да Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық дамуының шырқау шыңында тұрып, еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне ықпал ете білді. Қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып зерттеу университеті дәрежесіне ие болды, халықаралық QS World University Rating рейтингісі бойынша дүние жүзілік ең ірі 800 университет арасынан алдыңғы орын алып, еліміздегі техникалық жоғары оқу орындары арасында үздік атанды.

Сол күнгі мерекелік іс-шаралар «ҚазҰТЗУ көктемі-54» өнер фестивалінің гала-концертіне жалғасты.

Satbayev University отпраздновал двойной юбилей

Satbayev University отпраздновал двойной юбилей

Satbayev University отпраздновал двойной юбилей

Satbayev University отпраздновал двойной юбилей

Satbayev University отпраздновал двойной юбилей

Satbayev University отпраздновал двойной юбилей

Сәтбаев университеті демеушілер мен серіктестерге алғыс білдіреді:

 Satbayev University выражает благодарность спонсорам и партнерам

СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АЭСҚ КАЗГИДЕК

«NPP INTERRIN» ЖШС

ЛЕИКА ГЕОСИСТЕРІ ҚАЗАҚСТАН

«ГЕОСТРОЙИНВЕСТ» ЖШС

TRANSTELESOFT ЖШС

KAZGERMUNAI БК

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС

«КАЗФОСФАТ» ЖШС

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту