Сәтбаев Университеті ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтық турнирге қатысуға шақырады
Үстіміздегі жылы 2 қарашадан 25 қарашаға дейін Сәтбаев Университетінде студенттер қызметкерлер мен мұғалімдерге қарсы және әрқайсысы өзі үшін ойнайтын шахмат турнирі өтеді.
Шахмат – Үндістанда ғалымдар мен әскери басшылар үшін ойлап табылған интеллектуалды шайқас ойыны. Ал біздің университет үшін бұл ойын спорттық дәстүрлерді сақтау амалы ғана емес, сонымен бірге үлкен сынақ. Сонымен, ең басты ақшалай сыйлықты кім ұтады: студент пе, әлде оқытушы ма?
Жарыс шахмат ойынының FIDE халықаралық заңдылықтарына сәйкес швейцариялық жүйе бойынша 9 кезеңде өтеді. Әр ойыншыға бүкіл ойынға 30 минут уақыт беріледі. Әр ойыншының уақыты сағат бойынша бақыланатын болады.
Ең көп ұпай жинаған қатысушылар жарыстың жеңімпаздары болып анықталады. Тең дәрежеде ұпай жинаған жеңімпаздар қосымша көрсеткіштеріне сәйкес анықталады. Атап айтқанда:
- Бухгольц коэффициенті бойынша;
- Қара түсті жеңісінің сандары бойынша;
- Жеңімпаздардың жеке кездесуі бойынша.
Жеңімпаздардың барлық көрсеткіштері тең болған жағдайда екі блиц-ойын өткізіледі, есеп 1:1 болған кезде «өлім» ойыны ойналады, яғни мұнда қара түспен ойнайтын ойыншыға уақыт бір минутқа кем беріледі, егер ойын нәтижесінде екеуі тең түскен жағдайда жеңіс қараға беріледі. Әр ойынға 5 минут уақыт беріледі. Шахмат жарыстарын Сәтбаев Университетінің спорт клубы өткізеді. Жарыстың бас төрешісі – Әлібек Нығметов.
Турнирге ғалымдар, оқытушылар, қызметкерлер, лаборанттар, барлық курстың студенттері, магистранттар мен докторанттар да қатыса алады. Қатысуға өтінімдер 25 қазанға дейін қабылданады.
Өтінім беру үшін, сілтеме бойынша үлгіні толтырыңыз да, оны мына электрондық поштаға жіберіңіз: Viktoria-Laktion@mail.ru немесе alibek_83chess@mail.ru.
Барлық сұрақтар бойынша: ГМК, № 11 (ішкі телефон 7447) хабарласыңыздар.
Виктория Лактионова +7 701 750 49 01.
Әлібек Нығметов +7 777 304 2734.