Сәтбаев университеті Күміс университетінің фотоконкурсы аға буын үшін жаңа шығармашылық мүмкіндіктер ашты

Сәтбаев университеті Күміс университетінің тыңдаушылары арасында ІІ Мобильді фотоконкурс финалы өтті. Биылы байқауға 55 пен 90 жас аралығындағы 86 адам қатысып, олар 369 жұмыс ұсынды – бұл өткен жылғы байқаумен салыстырғанда екі есе дерлік көп. Мұндай белсенділік зейнеткерлердің өзін-өзі танытуға және университеттің мәдени өміріне өнер арқылы араласуға қызығушылықтарының артып келе жатқанын көрсетеді.
Фотоконкурс төрт номинация бойынша өтіп, жеке өзінің және отбасының ұмытылмас сәттерін, сондай-ақ әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтыды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал кәсіби фотографтар мен суретшілерден құралған қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың жоғары көркемдік деңгейі мен шынайылығын атап өтті. Көптеген фотосуреттер тіпті мамандарды да таңқалдырды – олар сол сәттегі эмоция мен атмосфераны дәл етіп жеткізе білген.
Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырылған үздік фотосуреттер көрмесі адамның жасы шығармашылыққа ешқандай да кедергі емес екенін көрсетті. Академик Бақыт Шәріпов жетекшілік ететін «Күміс университет» жобасы аға буынды белсенді ғылыми және мәдени қызметке тарту миссиясын сәтті түрде жүзеге асыра келе, білім мен шабытты адам кез келген жаста игере алатынын дәлелдеп отыр.