5 желтоқсан 2023 1985

Сәтбаев Университеті Қытай мұнай университетімен ынтымақтастығын кеңейтуде

Сәтбаев Университеті Қытай мұнай университетімен ынтымақтастығын кеңейтуде

Қытай мұнай университетінің (China University of Petroleum, Қарамай қаласы, Қытай) өкілдері жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетіне келді. Бұл сапар – ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қытайда өткен «Азия-Еуропа ЕКСПО – Білім берудегі кооперация және халықаралық алмасу» форумы аясында басталған өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың жалғасы болып табылады.

Қытай мұнай университеті – Қытайдағы негізгі зерттеу университеттерінің бірі, ол әсіресе мұнай инженериясы саласында үздік орындардың бірін алады. Ал «Қарамай» филиалы – соңғы үлгіде жасалған оқу ғимараттары мен кәсіби зертханалары бар заманауи оқу орны, әрі мұнайлы Қарамай қаласында орналасқан, сондықтан студенттер мұнай кен орындарымен тығыз байланыста өндірістік тәжірибеден өтіп, ғылыми ізденістермен шұғылдануы үшін тамаша мүмкіндіктер бар.

Кездесуге Сәтбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Б.А. Жәутіков, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры А.Х. Сыздықов және Қытай мұнай университеті Қарамай филиалының вице-президенті Сюй Чанлян мырза қатысты. Екі жақ тараптар алдағы ынтымақтастықтың жалғасы туралы, академиялық және ғылыми қарым-қатынастарды дамыту перспективалары, қос дипломдық бағдарламаларды құру, бірлескен зерттеулер үшін студенттермен және ғылыми топтармен өзара алмасу мәселелерін талқылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту