Ақпарат:

6 қыркүйек 2024 1627

Сәтбаев Университеті Қытайдың тұңғыш ұлттық университетімен ынтымақтастық орнатуда

Сәтбаев Университеті Қытайдың тұңғыш ұлттық университетімен ынтымақтастық орнатуда

Сәтбаев Университетінде Тяньцзинь университеті (ҚХР) делегациясымен келіссөздер жүргізілді, университет президенті Джин Донгхан Қытай делегациясына басшылық етті. Тарихы тереңде жатқан екі жетекші ұлттық университет басшылығы халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынасты дамыту туралы келісім жасап, алдағы бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттарын белгіледі. Келіссөз конструктивті жағдайда өтті, оның барысында екі жақ тараптар академиялық және ғылыми қарым-қатынастарды дамыту бойынша тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті.

Кездесудің өзекті тақырыптары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен өзара алмасу және қос дипломдық білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелері болды. Келісімге сәйкес, қазақстандық студенттер Тяньцзинь университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болады, ал олардың қытайлық құрдастары өз кезегінде Сәтбаев Университетінде білім алады.

«Біз үшін ең маңыздысы – біздің студенттер Қытайда, ал қытайлық студенттер бізде білім алу мүмкіндігіне ие болуы. Біз халықаралық серіктестер шеңберін кеңейтуге мүдделіміз, халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда үлкен тәжірибеміз бар және студенттермен өзара алмасу бағдарламасын мүмкіндігінше тезірек іске қосу үшін жылдам шешім қабылдауға дайынбыз», – деп атап өтті Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде биыл оқуға түсетін докторанттар үшін жаңа бағдарлама болмақ.

Tianjin University – ҚХР жаңа тарихындағы алғашқы ұлттық университет. Ол 1895 жылы құрылған және Қытайдағы жетекші университеттердің бірі болып саналады. Университет инженерия, ғылым және технология саласындағы зерттеулерімен танымал, сондай-ақ халықаралық қатынастарды белсенді түрде дамытады, әрі шетелдік студенттерге арналған бағдарламалардың әр түрлерін ұсынады. Кәдімгі білім беру бағдарламаларынан басқа, шетелдік студенттер өздері қызығушылық танытатын кунг-фу, каллиграфия, ағаш ою немесе Пекин операсы сияқты курстарды таңдай алады.

Сәтбаев Университеті Қытайдың тұңғыш ұлттық университетімен ынтымақтастық орнатуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту