Ақпарат:

19 наурыз 2021 3142

Сәтбаев Университеті Мария Байқоңырованың туған-туыстарына көңіл айтады

Сәтбаев Университеті  Мария Байқоңырованың туған-туыстарына көңіл айтады

2021 жылғы 19 наурыз күні 99 жасқа қараған шағында Байқоңырова Мария – кемеңгер ғалым-энциклопедист Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыровтың жұбайы қайтыс болды.

Қаныш Сәтбаевтың еңбектес серігі, ҚазТКМИ түлегі, тау-кен инженері, тамаша педагог және қоғам қайраткері Өмірхан Байқоңыров пен оның жұбайы Мария бүкіл өмірін тау-кен ғылымына және Қазақстанның игілігі үшін қызмет етуге арнады. Олар 4 баланы өсірді; олардың қызы – академик, профессор Байқоңырова Әлия Өмірханқызы әкесі мен анасының ісін одан әрі жалғастырып, Қазақстан ғылымына айтарлықтай үлес қосты.

Сәтбаев Университетінің ұжымы Мария Байқоңырованың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қоштасу рәсімі 20 наурыз күні сағат 11.00-де мына мекенжайда өтеді: Сәтбаев көшесі, 20-үй, 14-пәтер, 4-қабат.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту