Ақпарат:

14 желтоқсан 2022 3307

Сәтбаев Университеті мен Allur университеті Финляндия тағылымдамасының қорытындысын талқылауда

Сәтбаев Университеті мен Allur университеті Финляндия тағылымдамасының қорытындысын талқылауда

Сәтбаев Университетінің делегациясы Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындарының форумына қатысу үшін жасаған шетелдік сапары аясында Хельсинкиде болып, «Дуалды білім беру. Фин тәжірибесі» атты білім беру тағылымдамасы шеңберінде Оңтүстік Саво Esedu колледжіне барды. Тағылымдама бес күнге созылды, оқу барысында дуалды оқытудың бірегей фин тәжірибесіне және жұмыс орнында оқытудың жаңа әдістеріне баса назар аударылды.

Соңғы жылдары жоғары білім беру саласында Финляндияның тәжірибесі халықаралық деңгейге көтеріліп отыр. Дүние жүзінің барлық университеттері финдердің білім беру әдістері мен технологияларын басқа елдерде де қолдану үшін оны экспорттауға ұмтылуда.

Финляндия моделінің негізі – практикалық әдіс: мұғалімдер жастарға нақты өмірде қажет дағдыларды үйретеді. Сондықтан мектептерде қосу және бөлумен қатар мұрагерлік салықты қалай төлеу керек екенін үйретеді, ал колледждер мен университеттерде сабақтың басым бөлігі жұмыс орнында оқытылады. Тағы бір ерекшелігі – студенттерді жеке бағдарламалар бойынша оқыту, бұл келешекте мол тәжірибемен ұштасып, тамаша кәсіби нәтижелерге әкеледі. Бұл әдістің қалай болатынын білу үшін, Allur корпоративтік университеті Миккели қаласындағы колледжде өтетін тағылымдама ұйымдастырды.

– Менің міндетім – бизнес пен білім беру жүйесінің арасында достық қарым-қатынас орнату болды, – дейді Allur корпоративтік университетінің басшысы Людмила Олкинян. – Сол үшін де біз фин үлгісін таңдадық. Мұнда кәсіптік бағдар беру балабақшадан басталады. Егер, айталық, бала технологияға бейімділігі бар екенін түсінсе, сол кезден бастап ол бірден өз дағдыларын дамыта бастайды. Барлығы адамның өзіне байланысты, ең бастысы – адам әрі оқушы, әрі ұстаз. Қазақстанда да солай болса екен деймін. Сондықтан мен осы сапарға қатысқандардың барлығына алғыс айтамын: жауап бергендері үшін және шығармашылық ойлауға, кәсіби тұрғыда дамуға әрқашан дайын болғандары үшін рахмет!

Тәжірибеден өтуге Қазақстанның әр өңіріндегі жоғары оқу орындарынан, колледждер мен өндіріс орындарынан 13 адам қатысты. Олардың арасында Сәтбаев Университеті мен Allur компаниялар тобының өкілдерінен басқа, SOLID Group, Alageum Electric компаниялар тобының, Алматы электромеханикалық зауыты, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, кәсіптік-техникалық колледжі, Қазақстан-Германия политехникалық колледжінің және «Ақ ерке» білім беру орталығының қызметкерлері де болды.

Оңтүстік Саво, Esedu кәсіптік колледжі – техникалық колледж, ол кәсіптік білім беру саласындағы озық тәжірибені дамытқаны үшін Финляндия Білім министрлігінен Ұлттық сапа сыйлығын екі рет ұтып алған техникалық колледж болып табылады. Колледж өз жетістіктерімен үнемі бөлісіп тұрады.

Тағылымдама бағдарламасына семинарлар, экскурсиялар, кәсіпорындарға бару, бизнес өкілдерімен кездесулер, сондай-ақ HAMK қолданбалы ғылымдар университетіне бару (Häme University of Applied Sciences) кірді. Делегация мүшелері Esedu колледжінің шеберханаларында болып, финдік білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, жеке оқу бағдарламасының қалай құрылатынын және оның негізінде студенттің білімі қалай бағаланатынын жан-жақты зерттеді. Уақыттың көбі шебер тәлімгердің жұмыс орнында атқаратын рөлін талқылауға бөлінді.

– Біз нені үйреніп, нені білгіміз келетінін анық білдік», – дейді делегация мүшелерінің бірі Дмитрий Павленко, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры. — Колледжде білім беру бағдарламасы қалай құрылғанын, колледж бен өндіріс орнының өзара байланысы қандай жолға қойылған, тәлімгерлерді қалай даярлайды және кәсіби шеберлердің WorldSkills байқауларына дайындық қалай жүретінін білгіміз келді. Бұл тұрғыда біз шынымен де көп нәрсені үйрендік.

Нәтижесінде тағылымдамаға қатысушылар жұмыс берушінің талаптарына сай кадрларды қалай даярлау керек екенін және осы тәжірибені Қазақстанда қалай қолдануға болатыны туралы тұтастай түсініктеме алды. Қазіргі уақытта олар тағылымдама барысында құрастырылған жол карталарын пысықтап, оның нәтижесі қандай болатынын бірге ойластыруда және жаңа жобаларды да қарастыруда. Тағылымдамада жиналған тәжірибе текке кетпейтіні белгілі, ол белсенді түрде жүзеге асырылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту