Ақпарат:

3 сәуір 2023 2693

Сәтбаев Университеті мен БҰҰ жаһандық келісімшарт аясында бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлауда

Сәтбаев Университеті мен БҰҰ жаһандық келісімшарт аясында бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлауда

3 сәуір күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров БҰҰ Жаһандық келісімшартының өкілдері Саломе Зурабишвили және Динара Сейджапаровамен кездесті.  Екі жақ тараптар академиялық және ғылыми бағыттағы ынтымақтастық қарым-қатынастың перспективаларын және болашақта Қазақстанда тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру үшін, көп елдік кеңсенің ашылу мәселелерін талқылады.

– Біз ынтымақтастық байланыстың кез келген түріне де дайынбыз, – деді кездесуде университет ректоры Мейрам Бегентаев. – Академиялық еркіндік, шығармашылық еркіндік, тұрақты даму – мұның бәрі біз үшін өте маңызды.

Satbayev University планирует совместную работу в рамках Глобального договора с ООН

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық келісімшарты – корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму саласы бойынша әлемдегі ең ірі бастама болып табылады. Корпорациялар мен қауымдастықтардың табысты дамуын қамтамасыз ету – осы келісімшарттың басты мақсаты, ол әлемнің 161 елінен 16 000-нан астам компанияны біріктіруге бағытталған. Қатысушы компаниялар адам құқықтарын, адал еңбекті, қоршаған ортаны қорғауды және сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз етуге арналған он әмбебап қағидат аясында келісімшарт стандарттарына сәйкес жұмыс істейді.

Келісімшарт бойынша маңызды әлеуметтік мақсаттардың бірі – бүкіл қоғамның сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл бағдарламаның маңызды бөлігі – инновациялар мен STEM салаларында әйелдердің мансаптық мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ жер және қоршаған орта ғылымдары саласында жастар мен жас мамандарды оқыту және олардың хабардарлығын арттыруда сараптамалық қолдау көрсету болып табылады. БҰҰ мен Сәтбаев Университетінің бірлесіп жүргізетін жұмысы Қазақстанның және тұтас Орталық Азияның экономикалық және цифрлық дамуына елеулі үлес қосады.

Satbayev University планирует совместную работу в рамках Глобального договора с ООН

Саломе Зурабишвили – Грузиядағы БҰҰ Жаһандық келісімшарт желісінің бас директоры. Ол 2016 жылдың ақпан айынан бері Грузияда БҰҰ-ның Жаһандық келісімшарт желісін құрып, соны басқарады. Адам құқықтары жөніндегі заңгер және корпоративтік тұрақтылық саласы бойынша маман. Адам құқықтары саласында халықаралық деңгейдегі маман, Сахаров атындағы Еуропарламенттің ғылыми қызметкері. Оның ҮЕҰ-да, мемлекеттік және академиялық секторларда атқарған қызметінің кәсіби еңбек тәжірибесі 10 жылдан асады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту