Ақпарат:

29 қазан 2024 1644

Сәтбаев Университеті мен «Coca-Cola» компаниясы пластикті қайта өңдеу және «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске қосады

Сәтбаев Университеті мен «Coca-Cola» компаниясы пластикті қайта өңдеу және «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске қосады

Сәтбаев Университеті, «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы» және «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бұл меморандум пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жобалары арқылы оны Қазақстан жастары арасында саналы түрде тұтынуды дамытуға бағытталған.

Қол қоюға арналған салтанатты іс-шара Сәтбаев Университетінде өтті, ал меморандумға университеттің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев, «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясының Коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі басшысы Алина Абилева, сондай-ақ «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының» бас менеджері Асыл Оқапова қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсімінен кейін жиналғандар пластикті қайта өңдеу және одан жаңа өнім жасау бойынша шеберлік сағатына қатысты. «3.2.1.Старт!» жобасының жеңімпазы және пластикті қайта өңдеу жөніндегі Rocket Plastic жобасының жетекшісі Данияр Бакимов университет студенттерімен бірлесе отырып, пластикке қалайша «екінші өмір» сыйлауға болатыны жөнінде айтып, тіпті оны арнайы құрал-жабдықта көрсетіп берді. Тек 2024 жылы Rocket Plastic 20 тоннадан астам пластикті қайта өңдеп шығарды.

– Әсіресе университеттің 90 жылдығы мен Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толған жылы университеттің осындай нәтижеге қол жеткізіп отырғанын біз мақтан тұтамыз», – деді Ержан Көлдеев өз сөзінде. – Ал барлық университеттер арасында Сәтбаев Университеті бірінші болып бұл бастаманы қолдағанын біз ерекше мақтан тұтамыз.

Естеріңізге сала кетейік, «3.2.1.Старт!» жобасының 8-маусымы аясында өткен «Пластикті жинау және қайта өңдеу жөніндегі үздік модель» атты республикалық байқауында Сәтбаев Университеті 1-орын иеленген болатын. 2023 жылы оған Қазақстанның 10 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, барлығы 17 тоннадан астам пластик қалдықтарын жинаған еді. Ал Сәтбаев Университетінің командасы бір өзі 7,7 тонна қалдықты қайта өңдеуге жіберіп, пластикті қайта өңдеудің ең үздік моделі мен пластикке екінші өмір сыйлайтын әдісті ұсыну арқылы жеңіске қол жеткізді.

Меморандумға қол қою нәтижесінде ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, ал серіктестер оқыту семинарларын, форумдарды, баспасөз конференцияларын өткізуді көздеп отыр, сондай-ақ жастардың «3.2.1Старт!» бастамаларын қолдау жобасы аясындағы идеяларды бірлесіп жүзеге асыру да көзделіп отыр. Осы орайда CCI Kazakhstan, G-Global коалициясы мен Сәтбаев Университеті бұл келісім бүкіл елдегі жастар арасында саналы тұтыну идеяларын одан әрі тиімді түрде кеңейтуге көмектесетініне сенімді.

Сәтбаев Университеті мен «Coca-Cola» компаниясы пластикті қайта өңдеу және «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске қосады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту