Ақпарат:

30 қаңтар 2025 1375

Сәтбаев университеті мен Global Korea Center Қазақстанға корейлік технологияларды тасымалдау жөніндегі ынтымақтастықты талқылады

Сәтбаев университеті мен Global Korea Center Қазақстанға корейлік технологияларды тасымалдау жөніндегі ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы технологиялық алмасуды дамытуға арналған кездесу Global Korea Center өкілдерімен өтті. Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен CEO Global Korea Center (Defense Global) бас директоры Хон Джин Сон білім беру саласы мен Қазақстанға технологиялар трансферті жөніндегі ықтимал серіктестік, сондай-ақ Сәтбаев университеті базасында оқу орталығын ашу мүмкіндіктері туралы талқылады.

Джин Сон мырза Defense Global компаниясының жұмысы мен оның ұшқышсыз ұшу аппараттары, робототехника, өнеркәсіпті автоматтандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша әзірлемелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сонымен қатар техникалық мамандарды даярлауға қатысты өз көзқарасымен бөлісті:

– Біз болашақ инженерлерді нақты жұмысқа даярлау өте маңызды деп санаймыз, – деді ол кездесуде. – Сондықтан біздің жұмысымыздың бір бағыты жергілікті инженерлерді сапа менеджменті саласы бойынша корейлік ойлауға үйретуге бағытталған, бұл Қазақстан мен Корея арасында өзара кадрлық және технологиялық алмасудың бір бөлшегі болып табылады.

Сондай-ақ ол заманауи жағдайларда деректерді қорғау үлкен рөл атқаратынын, сондықтан да компания ақпараттық қауіпсіздік бағыттарын белсенді түрде дамытып, оны қамтамасыз ете алатын деректер орталықтарын құруға көп көңіл бөлетінін атап өтті.

Defence Global – қорғаныс өнімдері, ұшқышсыз ұшу аппараттары, көлік, робототехника, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар секілді салалар технологиялары бойынша маманданған қуатты технологиялық компания. Олар жасаған Global Korea Center желісі инновациялық білім беру бастамаларын жүзеге асыру үшін Оңтүстік Корея университеттері мен халықаралық серіктестерді біріктіріп отыр. Онда Корей техникалық білім беру интеграциясына ерекше көңіл бөлінеді – орталықтарда оқу корей және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Екі жақтың өкілдері қатысқан кездесуде мамандар даярлаудың қазақстандық жүйесіне корей тәжірибесін енгізу мүмкіндіктері секілді өзекті мәселелер қарастырылды. Бұл іс-шараға ҚР ҰҒА Жер, ғарыш және коммуникация ғылымдары орталығының жетекшісі Елена Шевченко, «Bolashak Energy Group» компаниясының коммерциялық директоры Владимир Таланов, Сәтбаев университетінің ұшқышсыз ұшу аппараттары зертханасының меңгерушісі Алексей Оксененко және Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің басшысы Нұргүл Налғожина қатысты. Кездесу екі елдің ғылымын, білімі мен өндірісін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жасалған алғашқы қадам болды.

Сәтбаев университеті мен Global Korea Center Қазақстанға корейлік технологияларды тасымалдау жөніндегі ынтымақтастықты талқылады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту