Ақпарат:

13 наурыз 2025 1620

Сәтбаев университеті мен Grenoble INP–Phelma ядролық инженерия саласы бойынша қос дипломдық бағдарламаны іске қосуда

Сәтбаев университеті мен Grenoble INP–Phelma ядролық инженерия саласы бойынша қос дипломдық бағдарламаны іске қосуда

Сәтбаев университеті Еуропаның жетекші инженерлік мектебімен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде – Grenoble INP–Phelma (Institut National Polytechnique de Grenoble – Physique, Électronique, Matériaux) мектебімен ядролық инженерия саласы бойынша қос дипломдық бағдарламаны іске қосу туралы келісімге қол қойылды.

Grenoble INP–Phelma – Université Grenoble Alpes (UGA) университетінің негізгі инженерлік мектептерінің бірі, ол әлемдік Шанхай рейтингінде ТОП-150 қатарынан орын алады. Гренобль қаласында орналасқан инженерлік мектеп Еуропадағы ең ірі ғылыми-зерттеу және өндірістік кластерлердің бірі болып табылады.

Сәтбаев университетінің студенттері 3+1 форматындағы қос дипломдық бағдарлама аясында елдегі жетекші ғалымдар мен тәжірибешілерден озық білім ала алады, оның 70% энергия балансын бүкіл Франция бойынша 56 ядролық реактор құрайды. Nuclear Engineering мамандығы бойынша екі жетекші техникалық институттың дипломдары қазақстандық студенттерге отандық атом электр станциясында білікті маман болуға мүмкіндік береді.

Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің қолдауымен, Төтенше және Өкілетті Елші Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлованың қатысуымен өтті. Бұл Қазақстан мен Франция арасында ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады, әрі халықаралық білім беру аренасында Сәтбаев университетінің ұстанымын нығайтады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту