Сәтбаев университеті мен Halyk қоры «Halyk орманы» экологиялық бастамасында күш біріктірді

Сәтбаев университетінің студенттері Halyk қорымен бірлесе отырып, «Halyk орманы» экологиялық бастамасына қатысты. Акция көрікті Көкшоқы өңірінде өтіп, оған университеттің табиғатқа және болашақ ұрпаққа қамқорлық көрсетуге бір күнін арнауға дайын екендігін білдірген ең белсенді өкілдері жиналды.
Күн бойы қатысушылар ағаш отырғызып, Сәтбаев университетінің ректорымен және Halyk қорының өкілдерімен әңгімелесті. Олар экологиялық ойлаудың маңыздылығы мен әр адамның қоршаған ортаны сақтауға қосатын жеке үлесі туралы талқылады. Бұл іс-шара жай ғана табиғат аясындағы демалыс емес, болашаққа және келер ұрпаққа арналған таза ауаға қосылған үлкен үлес болды.
«Бұл жай ғана экологиялық еріктілік акциясы емес, бұл – шынайы жасампаздықтың үлгісі. Мұнда жастар мен бизнес біз балаларымызға қалдыратын елдің болашағы үшін бірігіп отыр», – деді Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.
Бұл акция университеттің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадамы болды және басқа ұйымдарға шабыт беретін мысалға айналды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар жасампаздықпен қуаттануға және Қазақстанды көгалдандыруға әрі таза етуге атсалысатын үлкен команданың бір бөлшегі екеніңді сезінуге көмектеседі.