Ақпарат:

28 желтоқсан 2023 3286

Сәтбаев Университеті мен Hyundai Trans Kazakhstan еліміздің машина жасау саласына кәсіби мамандар даярлауда

Сәтбаев Университеті мен Hyundai Trans Kazakhstan еліміздің машина жасау саласына кәсіби мамандар даярлауда

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – Сәтбаев Университеті Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Көліктік инженерия және логистика мектебінің оқу орталығын «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны «Hyundai Trans Kazakhstan» автомобиль зауытынан ашты.

Оқу орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсімі және оның ашылу салтанаты 2023 жылғы 26 желтоқсан күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың, Hyundai Trans Kazakhstan компаниясының директоры Илья Мельниковтың және Сәтбаев Университетінің студенттері мен кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

– Студенттер өндірістік тәжірибе жинай алатын орын – ең алдымен университет екенін біз анық түсінеміз», – деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев. – Біз өз стратегиямызды өз міндеттеріміз секілді еңбек нарығының нақты ойыншыларымен бірге өндіріспен де, Ғылым және жоғары білім министрлігінің даму тұжырымдамасымен де үндестіре отырып әзірлеудеміз. Серіктес компаниялармен тығыз қарым-қатынас жасаудың арқасында біздің студенттер алғашқы күннен бастап-ақ тәжірибе жинайды.

Satbayev University и Hyundai Trans Kazakhstan готовят  профессиональные кадры для автомобилестроения

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебінің ұраны – «Университет таңдама – жұмыс беруші таңда!». Ал «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытында оқу орталығын ашудағы басты мақсат – кадрларды өндіріске бейінді етіп даярлау, бірлескен зерттеулер жүргізу, кейіннен оның нәтижелері университеттің оқу үдерісіне және өндіріске енгізілетін болады.

– Өндіріс орындары дегеніміз – бұл ең алдымен адамдар, біздің басты байлығымыз – адам капиталы. Біз жыл сайын зауыттарды көбірек салудамыз, автомобильдер мен автокомпоненттер локализациясын кеңейтеміз, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың процестерін автоматтандырамыз, сондықтан да бізге жоғары техникалық кәсіби білімі бар кадрлар қажет. Ал еліміздегі тұңғыш және ең ірі техникалық жоғары оқу орны – Сәтбаев Университетімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау біз үшін өте құнды, бұл Қазақстанды индустрияландыруға қосқан біздің ортақ үлесіміз, – деді «Астана Моторс» автоконцерннің бас директоры Бекнұр Несіпбаев. – Біз жас қазақстандықтардың автомобиль өнеркәсібіне деген кәсіби қызығушылығын көріп отырмыз, сондықтан да инженер-техник мамандардың жаңа буынын практикалық тәжірибеге үйретіп, құзіреттіліктермен бөлісуге біз әрқашан дайынбыз.

Ғылыми қызмет және өндіріс технологияларын дамыту – Сәтбаев Университетінің негізгі қызметінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта университет зарядтау инфрақұрылымын ұйымдастыру жөніндегі ғылыми жобаны энергиямен қамтамасыз ету, қауіпсіздік және басқа да мәселелерді ескере отырып, «Астана Моторс» компаниясымен бірлесіп әзірлеуде. Бұл жоба Қазақстанда автомобильдерге арналған электрозарядтық станциялар желісін жаңа энергия көздері негізінде дамыту мақсатында жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 25 тамыз күні Сәтбаев Университеті мен Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы арасында кадрлық резервті қалыптастыру, машина жасау саласына қажетті ғылыми кадрларды даярлау, технологиялық процестер мен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Satbayev University и Hyundai Trans Kazakhstan готовят  профессиональные кадры для автомобилестроения

Меморандум бойынша студенттерді практикалық тәжірибеден өткізу және Сәтбаев Университетінің түлектерін Hyundai Trans Kazakhstan зауытына жұмысқа орналастыру; университеттің профессор-оқытушылар құрамын өндірістік тағылымдамадан өткізу; Hyundai Trans Kazakhstan қызметкерлерін өндіріс профессоры (Production Professor) ретінде сабақ беруге баулу; біліктілікті арттыру курстарын ашу және компания қызметкерлерін көлік саласындағы MBA, DBA бағдарламалары бойынша оқыту да қарастырылған. Мысалы, осы орайда жаңа оқу жылында Hyundai Trans Kazakhstan компаниясының техникалық бақылау бөлімінің маманы Алуа Қайратова «Көлік, көліктік техника және технологиялар» бағдарламасы бойынша Сәтбаев Университетінің грантына ие болды.

2024 оқу жылында Сәтбаев Университеті бакалавриат дәрежесіне арналған «Автокөлік өндірісі және сервисі» атты білім беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бағдарлама бренд иесі (Hyundai Motor Company, Корея Республикасы) әзірлеген халықаралық стандарттарды ескере отырып, Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы жұмыс жағдайына бейімделетін болады.

Satbayev University и Hyundai Trans Kazakhstan готовят  профессиональные кадры для автомобилестроения

Қазақстанның белсенді түрде дамып келе жатқан машина жасау саласы үшін кәсіби кадрларды даярлау мақсатында Сәтбаев Университетінің Көлік инженериясы және логистика мектебінде «Көлік инженериясы», «Жер көлігі, көліктік техника мен технологиялар», «Цифрлық логистика» және т.б. білім беру бағдарламалары ашылды. Сондай-ақ «Энергия және электрмен қамтамасыз ету», «Көлік автоматикасы және көлікті басқару (автоматтандыру)», «Көлік құрылысы» бағыттары бойынша бағдарламалар ашу жоспарлануда.

«Көлік инженериясы» білім беру бағдарламасының жетекшісі Нұрбол Қамзанов университет пен зауыт арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Satbayev University и Hyundai Trans Kazakhstan готовят  профессиональные кадры для автомобилестроения

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту