Ақпарат:

16 мамыр 2025 446

Сәтбаев Университеті мен КАТКО студенттерді қолдау үшін ынтымақтастықты жалғастыруда

Сәтбаев Университеті мен КАТКО студенттерді қолдау үшін ынтымақтастықты жалғастыруда

Сәтбаев университетінде қазақстандық-француздық KATКO компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, ол – елімізде уран өндіруші негізгі кәсіпорындардың бірі. Бұл кездесуге компанияның университет студенттеріне көрсетіп жатқан қолдауы мен ағымдағы серіктестік мәселелерін талқылау мәселесі себеп болды.

Компания өкілдері университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаевамен кездесіп, оқуды ұйымдастыру мәселелері туралы талқылады. Осыдан кейін студенттермен кездесу өтті. Қонақтар Сәтбаев университетінің ақылы бөлім студенттерімен кездесіп, оларды қаржыландыру ережелерімен және КАТКО тарапынан берілетін шәкіртақылармен таныстырды. Студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына толық жауап алып, берілген мүмкіндік үшін алғыс білдірді.

KATКO – бірлескен кәсіпорын, оны 1996 жылы Францияның мемлекеттік «Orano» компаниясы мен Қазақстанның «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы бірлесіп құрған болатын. Компания Түркістан облысындағы Мойынқұм кен орнында уран өндеу және оны қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді. 2024 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында KATКO компаниясы Сәтбаев университетінде 46 студенттің білім алуы үшін қаржы төледі. Бұл игілікті іс студенттерге қаржылық кедергісіз сапалы техникалық білім алуға мүмкіндік берді.

Компания өкілдері келесі оқу жылында да студенттерге қолдау көрсетуді жалғастырырып, әлеуметтік осал топқа жататын студенттер тізімі бойынша қаржы алушылар санын көбейтуге ниетті екенін мәлімдеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту