Сәтбаев университеті мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мақсатты магистратура түлектеріне диплом тапсырды
2019 жылы 13 желтоқсан күні «Атом өнеркәсібі бойынша халықаралық ғылыми-білім беру орталығының» мақсатты магистратура бағдарламасын бітіріп шыққан 36 магистр-түлекке диплом тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. Түлектер мына мамандықтар бойынша диплом алды: «Ақпараттық жүйелер», «Электроэнергетика», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»; «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» уран кен орындарын барлау мамандықтары бойынша оқытылды. Белсенді магистранттарға дипломмен бірге әртүрлі номинациядағы грамоталар да табыс етілді.
Диплом тапсыру салтанатында Сәтбаев университетінің Ректоры Искандер Бейсембетов, Ректор аппаратының басшысы Берік Мықтыбаев, Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директор Бексұлтан Бекмұратов сөз сөйлеп, түлектерді құттықтады. Жиынға сондай-ақ «Ақсақалдар кеңесінің» құрметті профессорлары мен университет өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Электроэнергетика» мамандығының магистрі, бүгінгі таңда Германияның Анхальт университетінде «Эразмус+» бағдарламасы бойынша оқып жүрген Молчанов Арсений сөз кезегін алып, құттықтауларға алғыс білдірді.
Атом өнеркәсібі мамандарына арналған магистратура «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы мен Сәтбаев университеті арасында жасалған келісімшарт негізінде ұйымдастырылған болатын. Оқу бағдарламасының негізгі ерекшелігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының талаптарына сай жоғары білікті мамандар даярлау болып табылады. Оқу барысында компанияның өндірістік тәжірибесі мол ардагер мамандары сабақ беріп, өз білгендерін жастарға үйретеді.
«Атом өнеркәсібі бойынша халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» – бұл Қазақстандағы алғашқы және жалғыз білім беру орталығы, мұнда республикамен қатар шетелдік атом өнеркәсібі саласына да қажетті жоғары білікті мамандар даярлайды. Орталықта магистранттар даярлаумен қатар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіліп, ғылыми-білім беру және әдістемелік құралдар шығарылып, мультимедиалық оқу материалдары дайындалады.
Ғылыми-білім беру орталығы ресми түрде 2017 жылы 4 қыркүйекте ашылған. Міне, биылғы 2019 жылы «МЕНОЦАП» орталығы өзінің екінші кезеңдік түлектеріне диплом тапсыруда.