13 қараша 2023 2728

Сәтбаев Университеті мен KazGBC ынтымақтастық қарым-қатынас бастауда

Сәтбаев Университеті мен KazGBC ынтымақтастық қарым-қатынас бастауда

Сәтбаев Университеті мен KazGBC Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға KAZGBC директоры Данияр Азымханов пен Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев қол қойды.

Меморандум аясында OMIR ұлттық жасыл құрылыс стандарты бойынша студенттер мен оқытушыларды жасыл дизайн жасау мен құрылыс негіздеріне тегін оқыту туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ бірлескен конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, ғылыми жобаларға қатысу және жасыл құрылыс тақырыптарында бірлескен мақалалар жазу күтілуде.

Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі KazGBC – 2014 жылы Қазақстандағы құрылыс индустриясының тұрақты даму қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу мақсатында құрылған заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі. Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі дүниежүзілік рейтингтік құралдардың көпшілігі әзірленетін және басқарылатын WorldGBC жаһандық желісінің мүшесі болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту