Ақпарат:

6 қыркүйек 2024 2608

Сәтбаев Университеті мен «Халық» қоры Халықаралық қайырымдылық күнін атап өтті

Сәтбаев Университеті мен «Халық» қоры Халықаралық қайырымдылық күнін атап өтті

Сәтбаев Университетінде Халықаралық қайырымдылық күніне орай «Қазақстандағы қайырымдылық туралы: табыстар, қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын «Халық» қайырымдылық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды, ал оның модераторы – әлеуметтік инвестор, белсенді эколог, қоғам қайраткері Жанна Нұрсейітова болды.

Дөңгелек үстелге еліміздің жетекші қайырымдылық қорларының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен және жұмыс нәтижелерімен бөлісті, олар негізгі өзекті мәселелер мен көмек көрсету мүмкіндіктеріне қатысты қиындықтар жөнінде талқылады, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін көрсетті.

Жиынды «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов ашып, Қазақстандағы қайырымдылықтың ахуалы туралы айтты және осы күннің маңыздылығына тоқталды.

– Қазақстандықтар қайырымдылық жасауды мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсету деп біледі», – деді Нариман Бақтыбайұлы өз сөзінде. – Біздің елімізде қайырымдылық ісі әлі аса дамымаған деп айтуға болады.

Сәтбаев Университеті мен «Халық» қоры Халықаралық қайырымдылық күнін атап өтті

Жиынға сонымен қатар «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменова, Қазақстан халқы қоғамдық қорының директоры Шыңғыс Баймұхаметұлы, «Мейірім» еріктілер қоғамының жетекшісі Аружан Саин және Нұрлан Смағұлов атындағы қайырымдылық қорының өкілі Лаззат Әлжанова сынды білікті мамандар қатысып, сөз сөйледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі Гүлбара Сұлтанова қайырымдылық ұйымдарын қолдауда мемлекеттің рөлі туралы пікірімен бөлісіп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына тоқталды.

«Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев «Халық» қорының әртүрлі әлеуметтік бастамалары мен жобалары Қазақстандағы қайырымдылық саласында үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Еліміздегі әлеуметтік қоғамның дамуына үлес қосумен қатар «Халық» қоры спорттық білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларына да қолдау көрсетіп келеді. Қордың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жиын соңында еліміздің қайырымдылық саласына үлес қосқан қайырымдылық қорлардың өкілдері марапатталды.

«Бұл барша қазақстандықтар үшін өте маңызды және қажетті бастама», – деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, ол өз қызметі барысында Қазақстанда қайырымдылық қозғалысын құруға көп уақыт арнап, көп көңіл бөлді. Бұл бастама Сәтбаев Университетінің қолдауымен қоғамда әлеуметтік жауапкершілік қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған игі істерге адамдарды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту