Сәтбаев Университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бірлескен жоба бастауда
6 наурыз күні Сәтбаев Университетінің делегациясы Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаровтың басшылығымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде болып, университеттің ғылыми және халықаралық істер жөніндегі проректоры Евгения Дайнекомен кездесті. Бұл кездесу IT саласы бойынша еліміздегі екі үздік университеттер арасында Research & Developmet саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың бастауы болды.
Бірлескен жоба аясында ғылымға алғаш рет қадам басқан студенттерге де, атақты ғалымдарға да арналған университетаралық ғылыми шығармашылық алаңы құрылады. Жоба екі университетке де бір-бірінің технологиялық және инновациялық мүмкіндіктерін өзара пайдалануға мүмкіндік береді, бұл IT мамандарын даярлауды жаңа деңгейге көтереді, ал конференциялар мен конкурстарға бірлесіп қатысу, тәжірибелер мен тағылымдамалар ұйымдастыру инновациялық серпін жасауға қажетті синергия тудырады.
Кездесу барысында ХАTУ қалашығы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Делегация мүшелері университеттің негізгі жетістіктері және әзірлемелерімен танысты, IT салалары бойынша мамандар даярлауға арналған бірегей кабинеттерді аралады.
Инженерлік және IT салаларында ғылыми-зерттеу бағытын дамыту ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыруға ғана емес, сондай-ақ оларды тиімді түрде индустриялық жобаларға айналдырып, стартаптарды іске қосуға көмектеседі. Экскурсия аясында делегация ХАTУ StarUp жобасының инкубациялық кеңсесіне барды, бұл кеңсе стартаптарды ашуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ол стартаптарды іске қосу үшін инвестиция табу жұмысы да кеңсенің міндетіне кіреді. Ал кеңсенің ресурстары мен тәжірибесі сол жобада толығымен пайдаланылады.
Кездесу соңында тараптар R&D саласы бойынша бірлескен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумдармен алмасты.