Ақпарат:

12 қараша 2024 914

Сәтбаев Университеті мен KIA Qazaqstan болашақ машина жасаушыларды даярлау үшін бірігуде

Сәтбаев Университеті мен KIA Qazaqstan болашақ машина жасаушыларды даярлау үшін бірігуде

12 қараша күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен Kia Qazaqstan компаниясының бас директоры Ким Дэ Ки Қазақстанның автомобиль көлігі саласында ғылыми және білім беру бастамаларын ілгерілету мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум университет студенттері мен оқытушылары үшін бірлескен зерттеулер мен жобалар, тағылымдамалар мен тәжірибелер жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынас аясында университет пен машина жасаушылар өндіріс қызметкерлері мен оқытушылар үшін тағылымдамадан өтуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған ауқымды бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. Көлік инженериясы және логистика мектебінің жетекшісі Сейдулла Абдуллаев бұл жоба Қазақстанның машина жасау саласы үшін өте маңызды екенін атап өтті:

– Біздің ынтымақтастық қарым-қатынасымыз білім беру мен автомобиль өнеркәсібі арасындағы байланысты нығайта түседі, сондай-ақ Қазақстанның көлік саласына қажетті кадрларды даярлау сапасын арттыруда маңызды қадам болады», – деді Сейдулла Абдуллаев.

Серіктестік қарым-қатынас бірқатар бірлескен жобаларды, тәжірибе мен технологиялар жөнінде білім алмасуды, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуді көздеп отыр. Студенттер компанияда тәжірибеден өтіп, оқуды аяқтаған соң, KIA Qazaqstan компаниясына жұмысқа орналаса алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту