Ақпарат:

24 сәуір 2025 302

Сәтбаев университеті мен Колорадо тау-кен мектебі мұнай-газ және тау-кен саласындағы серіктестікті дамыту жөнінде талқылады

Сәтбаев университеті мен Колорадо тау-кен мектебі мұнай-газ және тау-кен саласындағы серіктестікті дамыту жөнінде талқылады

Сәтбаев университеті әлемдегі ең үздік техникалық университеттердің бірі – Колорадо тау-кен мектебімен бірге жаңа жобалар туралы талқылауда. Ректор Мейрам Бегентаев пен америкалық университеттің Жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті Джон Брэдфорд бастаған делегациясының кездесуі кезінде геология, мұнай-газ инженериясы және тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын ашу және бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту туралы жоспарлар таныстырылды.

Колорадо тау-кен мектебі – әлемдегі жетекші техникалық университеттердің бірі, ол студенттерді өндірістің нақты қиындықтарымен жұмыс істеуге үйретеді. Сәтбаев университеті мен Колорадо тау-кен мектебі арасындағы серіктестік қарым-қатынас берік орныққан, оның тарихы ұзақ. Ал қазір PhD дәрежесін қоса алу мүмкіндігімен бірлескен қос дипломдық бағдарлама ашу жоспарланып отыр. Докторанттар ғылыми-зерттеу жөніндегі біліктіліктерін арттырып қана қоймай, бірінші күннен бастап халықаралық инженерлік жобаларға қатысып, практикалық тәжірибе жинақтай алады.

Кездесу барысында кванттық есептеулер мен ғарыш ресурстарын игеруге қатысты салалар бойынша бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге ерекше назар аударылды. Сәтбаев университетінің өкілдері сондай-ақ сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын өндіру мен қайта өңдеу мәселелеріне баса назар аударуды ұсынды, өйткені бұл Қазақстан үшін де, АҚШ үшін де өзекті тақырып болып саналады.

Сәтбаев университетінің өкілдері бұрыннан келе жатқан серіктестер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың кеңеюі университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтып қана қоймай, қолданбалы мәселелерді әлемдік деңгейде шешуге үлес қосатынына сенім білдірді.

Сәтбаев университеті мен Колорадо тау-кен мектебі мұнай-газ және тау-кен саласындағы серіктестікті дамыту жөнінде талқылады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту