Ақпарат:

1 қараша 2024 2319

Сәтбаев Университеті мен Кореяның авиация және қауіпсіздік технологиялары институты Қазақстанда ұшқышсыз ұшу орталығын ашу мәселесін талқылай отырып, болашаққа көпір орнатуда

Сәтбаев Университеті мен Кореяның авиация және қауіпсіздік технологиялары институты Қазақстанда ұшқышсыз ұшу орталығын ашу мәселесін талқылай отырып, болашаққа көпір орнатуда

Бүгінгі таңда ұшқышсыз ұшу аппараттары күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналуда. Олардың жұмыс істеу әлеуетін ашу үшін, Сәтбаев Университеті мен Корей авиация және қауіпсіздік технологиялары институтының (KIAST) өкілдері кездесіп, корей-қазақ ұшқышсыз ұшу аппараттары орталығын құру мүмкіндіктері туралы талқылады.

Корея делегациясын KIAST авиациялық зерттеулер бөлімінің директоры Чан Бон Кан басқарып келді. Оларды университет ректоры Мейрам Бегентаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Раиса Өскенбаева және әскери істер, ұшқышсыз ұшақтар, геоинформатика мамандары қарсы алды. Кездесуге BET SCY компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Әділет Дауленбаев қосылды.

Кездесуде екі институт орталық құруды ұйымдастыру жөніндегі алдағы қадамдар бойынша тәжірибелік жұмысқа кірісті. Мейрам Бегентаев өз сөзінде кәріс пен қазақ халқының салт-дәстүрлері өте ұқсас екеніне тоқталды. Екі халықтың да бойындағы үлкенге құрмет көрсету, қонақжайлылық қасиеттері және инженерлік жетістіктерге деген құштарлық тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастың негізін құрайды.

KIAST – Оңтүстік Кореяның мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты, ол Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігіне қарайды, әрі Корея үкіметінің қауіпсіздік пен ұшқышсыз ұшу аппараттары туралы саясатына қатысты бастамаларына жауап береді, қазірдің өзінде ол Корея жерінде дронды сынақтан өткізу бойынша он бір алаңды басқарады.

Сәтбаев Университетінің базасында құрылады деп жоспарланып отырған жаңа орталық корей және қазақстандық тараптардың бірлескен күш-жігерімен салынады. Бұл процеске осы екі институт қана емес, сонымен қатар екі елдің көптеген жоғары оқу орындары қатысып, әрқайсысы инженерия саласына, ұшу ісіне және оқу процесіне бірегей құзыреттілік танытатын болады.

Бұл Орта Азиядағы аса маңызды білім беру және ғылыми-зерттеу орталығына айналады және ұшқышсыз ұшу аппараттары саласы бойынша мамандар даярлау бағдарламаларын әзірлеуге, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, озық технологиялармен бөлісуге, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары және авиациялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерді дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту