18 қазан 2023 2565

Сәтбаев Университеті мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Тұрақты даму мақсаттары саласы бойынша жұмыс бастайды

Сәтбаев Университеті мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Тұрақты даму мақсаттары саласы бойынша жұмыс бастайды

16 қазан күні Сәтбаев Университеті мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының өкілдері экология және Тұрақты даму мақсаттары саласында бірлесіп жасайтын жұмыстарды талқылау үшін бас қосты.

Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының негізін қалаушы әрі директоры, эколог Әсел Тасмағамбетова Сәтбаев Университетінің өкілдері үшін институт ішіне экскурсия ұйымдастырып, оның тыныс-тіршілігімен таныстырды және тарихы туралы айтып берді. Әсел Иманғалиқызы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтын 2012 жылы өзінің студенттерімен бірге құрды. Содан бері институт ұзақ жолдан өтті: 2019 жылы оның базасында Қазақстанда Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру жөніндегі орталық алғаш рет құрылды, ал 2021 жылы институт «жасыл» ғимараттар рейтинг жүйесінде Күміс сертификатқа ие болды.

Сәтбаев Университеті мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Тұрақты даму мақсаттары саласы бойынша жұмыс бастайдыя

Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады, олардың арасында ESG (Environmental, Social, and Governance – Экология, қоғам және басқару) қағидаттары маңызды орын алады. Бұл БҰҰ-ның тұрақты даму қағидаттарына толық сәйкес келетін компанияларды бағалаудың жаңа тәсілі, бұл сонымен қатар қаржылық нәтижелерді ғана емес, компаниялардың қоршаған ортаға әсерін, әлеуметтік жауапкершіліктерін және басқару сапасын да ескереді. Талқылаудан кейін тараптар мынадай шешімдер қабылдады:

  1. Осы бағыттағы бірлескен зерттеулер мен жұмыстарды жалғастыру үшін Каспий теңізі бойынша ақпарат алмасу жөнінде келісті.
  2. Зертханалардың сертификаттары мен аккредитацияларының болуы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тиімді жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтардың тізімі туралы ақпарат алмасу жөнінде келісті.
  3. Ғылыми қауымдастықпен нәтижелер және жетістіктермен бөлісу үшін, біз жоғары рейтингті журналдарға бірлескен жарияланымдар әзірлеуді бастадық.
  4. Каспий теңізіне қатысты мәселелерді талқылау үшін, шетелдік серіктестердің қатысуымен «Дөңгелек үстел/Форсайт» өткізу мүмкіндігін қарастырдық.
  5. Қызметкерлердің тұрақты даму саласы бойынша дағдылары мен білімдерін дамыту үшін, ESG қағидаттары жөнінде тренингтер мен семинарлар өткізуді жоспарладық.
  6. ESG қағидаттары бойынша курстар мен білім беру бағдарламаларын басқа университеттерге тарату туралы келістік. Бұл студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тұрақты даму саласында сапалы білім алуға көмектеседі.
  7. Сондай-ақ еліміздің флорасы мен фаунасының ерекше түрлерін зерттеу мен сақтау мақсатында «Қазақстан Республикасының эндемиктері» жобасының техникалық шарттарын әзірлеу туралы келістік.

Біз Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтымен одан әрі ынтымақтастық қарым-қатынас жасауды асыға күтеміз, біздің серіктестік байланысымыз студенттерге, ғалымдарымыз бен бүкіл қоғамға көптеген оң нәтижелер әкелетініне сенімдіміз.

Сәтбаев Университеті мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Тұрақты даму мақсаттары саласы бойынша жұмыс бастайды

Сәтбаев Университеті мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты Тұрақты даму мақсаттары саласы бойынша жұмыс бастайды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту