Сәтбаев Университеті мен «Qazaq Green» компаниясы жаңартылатын энергия көздері тақырыбында тренинг өткізді
Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерінің дамуы мен практикалық қолданылуына жаңа көзқараспен қарауды Сәтбаев Университеті мен «Qazaq Green» қауымдастығының сарапшылары өз тыңдаушыларына ұсынып, «жасыл» энергия бойынша тренинг өткізді.
Онлайн-офлайн форматында аралас өткізілген екі күндік тренинг энергияны түрлендірудің принциптері мен негізгі аспектілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамытудың және оны іс жүзінде қолданудың негізгі мәселелеріне арналды. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар тыңдаушыларды жаңартылатын энергия көздерімен таныстырды, өйткені олар Қазақстан өнеркәсібін декарбонизациялаудың негізгі құралы болып табылады. Сондай-ақ сарапшылар өз сөздерінде осы процеске қатысты көптеген практикалық аспектілерді қамтыды:
- Жаңартылатын энергия көздері мен олардың кедергілері туралы қолда бар заңдылық;
- «Жасыл» энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері, Қазақстанда күн электр станциясы мен жел электр станциясы жобаларын іске асыру ерекшеліктері;
- Жаңартылатын энергия көздерін бірыңғай энергетикалық жүйеге біріктіру мәселелері;
- Жобаларды іске асырудың экономикалық аспектілері.
Жаңартылатын энергия көздері бойынша сарапшы, Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын әзірлеуге қатысушы, «Qazaq Green» қауымдастығының басқарма төрайымы Айнұр Соспанова атқарылып жатқан жұмыстар жайлы және Қазақстандағы «Жасыл» энергияны қолдау жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп отырған жұмыстардың келешегі туралы өз ойларымен бөлісті. Содан кейін сөзді әріптестері – Аида Мақсұтқа, Арман Асылхан, Бекжан Мұқатов пен Иван Новиковке берді.
Тренинг Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының және «Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі климаттық саясат саласында әлеуетті дамыту» (CDCP) жөніндегі GIZ жаһандық жобасының қолдауымен өтті. Тренингке энергияны көп қажет ететін салалардағы кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты.