Ақпарат:

18 мамыр 2023 5129

Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты теміржолшылар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді бастайды

Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты теміржолшылар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді бастайды

Әйгілі Политех Қытайдың ең үздік техникалық университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамытуда – университеттің делегациясы Сиань қаласындағы (Шэньси провинциясы, Қытай) Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында болып, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.

Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында өтті. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың логистика саласындағы ынтымақтастығы аясында студенттермен алмасу, технологиялар трансферті, ғылым мен техника саласындағы ортақ жобалар және теміржол инженерлерін даярлау бағдарламасын іске қосу туралы келісім жасады. Келісімге қол қою кезінде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, Қазақстан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жүк тасымалы сияқты жаһандық жобаны жүзеге асыруда негізгі серіктес болып табылатынын және осындай бастамалар үшін қажетті мамандарды бірлесіп даярлау – екі ел арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін маңызды екенін атап өтті.

Делегация мүшелері сапар бағдарламасы бойынша Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтын аралады. Қазақстандық делегация сонымен қатар Сиань халықаралық сауда-логистикалық паркінде болып, логистика саласындағы соңғы жетістіктермен танысты.

Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты теміржолшылар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді бастайды

Ал темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру – келешегі зор салалардың бірі, Сәтбаев Университеті осы сала бойынша былтырдан бері мамандар даярлап келеді.

Жаңа келісім бойынша қазақстандық студенттер «1+3» бағдарламасы бойынша Қытайға оқуға баруға мүмкіндік алады, бірінші оқу жылында олар қытай тілін үйренеді, ал келесі үш жыл бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандық алуға арналады.

Қытай тарапы мұндай студенттерге шәкіртақы беріп, қолдау көрсетеді. Бұл ретте Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты бір-бірінің оқу кредиттерін есептеп, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастырып отырады. Оқу үдерісін жеңілдету үшін, Политехта Циньлин институтының базасы негізінде қытай тілі курстары ашылады.

Осы ынтымақтастық қарым-қатынас аясында болашақта Сәтбаев Университетінің базасында Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтының филиалы құрылады деп күтілуде. Онда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің көлік және коммуникациялар саласына қажетті кәсіби мамандар даярлау үшін инновациялық зертханалар ашылып, темір жол көлігі мен логистика саласы бойынша халықаралық жобалар жүргізілетін болады. Қытай тарапы үшін бұл ынтымақтастық қарым-қатынастың маңызы өте зор, өйткені  бұл тарихи Жібек жолы бойындағы елдерді біріктіретін «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының бір бөлігі болып саналады.

Қытайдың жоғары оқу орындарымен студенттер алмасу – халықаралық деңгейде жұмыс істеуді жоспарлап отырған өрелі студенттер үшін тамаша мүмкіндік болмақ.

Сиань – Қытайдың тарихи орталығы, ол Қытай тарихындағы 13 мемлекеттің бұрынғы астанасы. Мұнда әлемнің сегізінші кереметі – Цинь әулетінің терракоталық жауынгерлерінің әскері бар. Сондай-ақ Сиань – Қытайдың технологиялық орталықтарының бірі, ол Қазақстанмен тура байланыс жасайтын ірі логикалық орталық болып табылады.

Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты теміржолшылар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді бастайды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту