Сәтбаев Университеті мен Sungkyunkwan университетінің өкілдері болашақ ынтымақтастық қарым-қатынастың мүмкіндіктерін зерттеуде
Сәтбаев университетінің басшылығы Оңтүстік Кореяның Sungkyunkwan университеті делегациясымен кездесіп, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың перспективаларын талқылады. Кездесуге Sungkyunkwan университетінің президенті, профессор Джи-Бом Ю, Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев және екі университет колледждерінің басшылары қатысты.
— Қазақстан – келешегі зор елдердің бірі, — деді Ю мырза өз сөзінде, — Сіздерде іргелі ғылым мен базалық негіз өте мықты, сондықтан да мен табысты, әрі өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынас күтемін. Біз сіздердің қонақжайлылығыңызға дән ризамыз, әрі жоғары бағалаймыз. Көп рахмет!
Қазақстандағы тұңғыш техникалық университеттің мүмкіндіктерін қысқаша таныстырудан кейін екі жақ тараптар болашақ ынтымақтастықтың форматтарын және одан күтетін үміттерді талқылауға көшті. Өндіріске арналған инновациялық жобалар саласында ғалымдардың өзара ғылыми байланысынан бастап, студенттермен алмасу және екі елдің мәдениеттерімен тереңірек танысумен аяқталатын ынтымақтастық қарым-қатынас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Кездесу Seonggyungwan университетінің Сәтбаев Университеті студенттеріне ұсынатын мүмкіндіктерін таныстырумен аяқталды.
Seonggyungwan университеті – Кореядағы өте беделді университет, төрт ұлттық университеттің бірі, оның негізі 1398 жылы қаланған және бай мұрасы мен дәстүрі бар. Бүгінде Seonggyungwan университетінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша 26 мыңға жуық студент білім алуда.
Әлемдік жоғары білім беру аренасында Sungkyunkwan университеті өте жоғары бағаланады. Атап айтқанда, Times Higher Education 2021 деректері бойынша ол әлемдік рейтингте 101-орында және Оңтүстік Кореяда 3-орында. Ал QS World University Rankings 2022 рейтингінде – әлем бойынша 97-орын және Оңтүстік Корея университеттері арасында 6-орында.
Университет Сеул қаласында орналасқан және ол әсіресе химиялық инженерия, машина жасау, құрылыс және IT салалары бойынша әртүрлі оқу бағдарламалары мен зерттеу мүмкіндіктерін ұсынады. Студенттер ғылымның іргелі принциптерін зерттеуге мүмкіндік алады, сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізіп, академиялық жобаларға қатыса алады.