3 қыркүйек 2021 3566

Сәтбаев Университеті мұнай-газ кешені қызметкерлерін мерекемен құттықтайды!

Сәтбаев Университеті мұнай-газ кешені қызметкерлерін мерекемен құттықтайды!

Сәтбаев Университеті Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында университеттің еңбек сіңірген мұнайшы-оқытушыларын кәсіби мерекемен құттықтайды!

ҚР Энергетика министрлігінің Құттықтау хаты профессор Асқар Хамзаұлы Сыздықовқа табыс етілді. Сонымен қатар Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және газ ісі институтының еңбек сіңірген басқа да профессорлары марапатталды. Отандық мұнай-газ саласының ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға қосқан көп жылдық ерен еңбегі және жоғары кәсіби біліктіліктері үшін оларға еліміздің жетекші ірі ұйымдары Алғыс хаттар табыс етті.

Қазақстанның ежелгі техникалық университеті – еліміздің мұнай-газ саласына кадрлар даярлайтын оқу ордасы болып табылады. «Политех» түлектері әрқашан да өздерінің жоғары біліктілігімен, қабілеттілігімен және өз ісіне беріктілігімен ерекшеленеді. Олардың кәсіби шеберлігі мен мол өндірістік тәжірибесі еліміздің мұнай-газ саласындағы көптеген кәсіпорындарының табысты еңбек етуіне негіз болып отыр.

Осылайша қыркүйек айының алғашқы жексенбісі күні Сәтбаев Университеті еліміздің даму тарихында ерекше орын алатын мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Сонымен, мұнай-газ өнеркәсібінің барша қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, таусылмас жігер және еңбектеріне мол табыс тілейміз!

Сәтбаев Университетінің ұжымы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту