Сәтбаев Университеті мұнай-газ секторын цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан экономикасында мұнай-газ секторы маңызды рөл атқарады. Оның қарқынды әрі толыққанды дамуы үшін өнеркәсіптік индустриясындағы маңызды міндеттердің бірі – мұнай-газ секторын цифрландыруды толығымен игеру мәселесін шешу қажет.
Мұнай-газ кәсіпорындарына цифрландыруды енгізу өндіріс пен бизнес-процестерінің тиімділігін арттырумен тығыз байланысты. Интеллектуалды технологиялар кен орындарын игеру, логистика мен өндірістік процестерді оңтайландыру, цифрлық егіздер, лазерлік сканерлеу технологиялары, жасанды интеллект, спутниктік шешімдер және деректерді басқару мұнай-газ саласын жаңа деңгейге көтеретіні айқын болып отыр.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын цифрландыру ісі енді ғана басталып жатқанына қарамастан, бүгінде бұл салаға әлемнің әртүрлі елдерінің мамандары мен технологиялары белсенді түрде тартылуда, жаңа интеллектуалды шешімдер талқыланып, перспективалы мүмкіндіктер ашылуда. Соңғы 7 жыл бойы, жыл сайын «RDCR – ұңғымалар инжинирингі» форумы жұмыс ыстеп келеді. Биылғы 2020 жылы «RDCR – ұңғымалар инжинирингі» және «KDR – ұңғымалар инжинирингі» форумдары біріктіріліп, онлайн форматта өткізілді.
«RDCR және KDR ұңғымалар инжинирингі» бойынша бірлескен Ресей-Қазақстан форумы – бұрғылау және өндіру саласы жөніндегі ресейлік және қазақстандық сарапшылардың аймақтағы ең үлкен виртуалды жиыны, виртуалды іс-шараларға арналған интерактивті премиум платформаны қолдана отырып, осы технологиялық презентацияға арнайы қатысып, ақылдасу, бетпе-бет байланыс жасау мақсатында жетекші ресейлік, қазақстандық және халықаралық мұнай-газ операторларын, бұрғылау мердігерлерін, сервистік және технологиялық компаниялар өкілдері осы форумға әдейі жиналады.
Аталмыш іс-шара серіктестерінің қатарында «Роснефть», «Газпромнефть», «ЛУКОЙЛ», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚМГ Инжиниринг», «Самұрық-Қазына», KazService сияқты танымал бұрғылау, сервистік және технологиялық компаниялармен қатар KPO, NCOC, TCO, Nostrum Oil and Gas, PetroKazakhstan сияқты жетекші қазақстандық операторлар бар.
Осы форум аясында Сәтбаев Университеті, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті және «Газ және мұнай технологиялары ғылыми-зерттеу және жобалау орталығы» АҚ арасында үшжақты ынтымақтастық келісімге қол қойылды.
Өздерінің алғы міндеттерінің бірі ретінде серіктестер өзара аймақтық қарым-қатынас және цифрлық экономикалық дамуды жетілдіруді, бұрғылаудың цифрлық мамандықтары үшін білікті кадрларды дағдылаумен (тәжірибе, тағылымдама, жұмыс) қоса даярлау – «Мұнай-газ ісі» бағытында интеграцияланған кәсіптер бойынша және білім беру бағдарламаларының мұнай және газ ұңғымаларын нақты мұнай-газ объектілерінде бұрғылау бейіндері бойынша жас мамандарды даярлау деп анықтады.
Сәтбаев Университетінің Ректоры Искандер Бейсембетов өз сөзінде осы шарттың маңыздылығын атап өтті:
«Бүгін біздің университет үшжақты келісімге қол қою шарасының қатысушысы атанды. Осы шарт жөніндегі серіктестерге ерекше алғысымды білдіремін және біздің бірлескен жұмысымызға сәттілік тілеймін! Мұнай-газ саласындағы цифрландырудың маңыздылығы артып келе жатқанын ескере отырып, осы саладағы ортақ тәжірибеміз даму жолының жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі деп зор сеніммен айта аламын!».