28 қазан 2021 3524

Сәтбаев Университеті Нобель фестивалінде болашақтың ғылымын бүгінгі күнге жеткізді

Сәтбаев Университеті Нобель фестивалінде болашақтың ғылымын бүгінгі күнге жеткізді

Белгілі инноваторлар мен әлемдік ғылым жұлдыздары Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-білім фестивалі – «Болашақ бүгін» ұранымен өткен Нобель фестиваліне (Nobel Fest)  келді. Қатысушылар Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжанда орналасқан бүкіл әлемге таратылатын студияларды аралады. Ал Сәтбаев Университеті Нобель фестиваліне демеушілік жасады.

Үшінші Нобель фестивалі Дүниежүзілік ғылым күніне орайластырылып, онлайн форматында жұмыс жасайтын негізгі төрт бағытқа арналды:

  • Жасыл шындық
  • Жаңалықтар ғасыры
  • Экономика халық үшін
  • Болашақтың мамандықтары

Фестивальға Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласының белгілі қайраткерлері: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен оның орынбасары Қуаныш Ерғалиев, G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков, Coca-Cola компаниясының корпоративтік қатынастар және коммуникациялар жөніндегі аймақтық менеджері Александра Аккирман және т.б. қатысты.

Нобель фестивалінің басты оқиғалары – Нобель сыйлығының лауреаттары оқыған дәрістері болып табылады. Фестивальде Орталық Азия жастары алдында «Sapiens: Краткая история человечества» атты әлемдік бестселлердің авторы, тарихшы Юваль Ной Харари, Apple Siri компаниясын құрушы, Renault Group тобының бас инженері Люк Джулия, GoogleX инновациялары туралы бестселлердің авторы Мо Гавдат және экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, Стэнфорд профессоры Пол Милгром сияқты әлемдік жұлдыздар өз ойларымен бөлісті. Биылғы жылы онлайн формат пен тікелей эфирдің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған студенттер осы тамаша мүмкіндікті пайдалана алды. 

Юваль Ной Харари
Юваль Ной Харари

Мо Гавдат
Мо Гавдат

Люк Джулия
Люк Джулия

Пол Милгром
Пол Милгром

Үшінші Nobel Fest алаңында барлығы 33 іс-шара өтті, оған 200 университет өкілдері, әлемнің ең ірі технологиялық компанияларының басшылары мен жетекші сарапшылары, әлемнің ең беделді университеттерінің профессорлары, сондай-ақ көптеген жас мамандар мен студенттер, яғни болашақ зерттеушілер қатысты. Сарапшылар осы фестиваль өте сәтті болды деп атап өтті.

– Нобель фестивалі Қазақстанның ұлттық көшбасшылығының үлгісі болып табылады. Нобель фестивалінің арқасында Қазақстанда болашақта жаңа ғылым жұлдыздары мен Нобель сыйлығының лауреаттары пайда болады, – деді әлемдегі ең танымал экономистердің бірі, Колумбия университетінің профессоры Джеффри Сакс.

Nobel Fest – Қазақстан, Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі және ең ықпалды ғылыми-білім беру форумы, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар – Инклюзивті даму қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және G-Global Халықаралық жобасы. Аталмыш фестивальға жыл сайын 40 000-нан астам көрермендер онлайн түрде қатысады, 10 Нобель сыйлығының лауреаты, 10 жігерлілік үшін берілетін сыйлықтың (ғылыми Оскар) лауреаты, сондай-ақ бірқатар халықаралық танымал сарапшылар қатысады. Трансляция қазақ, ағылшын, орыс, өзбек және әзірбайжан тілдерінде жүргізілді.

Nobel Fest фестиваліне қатысу тегін түрде өтеді.

Фестивальдің трансляциясы мен бейнежазбасын YouTube каналындағы Nobel Fest ресми парақшасынан көруге болады.

Фестивальға Nobel Fest сайтында тіркелуге болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту