9 қазан 2019 5105

Сәтбаев университеті «Норт Каспиан Оперэйтинг Н.В.» компаниясы үшін воркшоп өткізді

Сәтбаев университеті «Норт Каспиан Оперэйтинг Н.В.» компаниясы үшін воркшоп өткізді

Сәтбаев университеті 2019 жылғы 04 қазан күні Атырау қаласында «НКОК Н.В.» филиалының оқу орталығында «Компанияны дамыту үшін жобаларға бағытталған басқару мүмкіндіктері» тақырыбында «Ворк шоп» іс-шарасын өткізді. «Норт Каспиан Оперэйтинг Н.В.» компаниясының 50-ден астам қызметкері «Ворк шопқа» қатысты.

Іс-шара барысында жобаларды басқару саласында біліктілікті арттыру курстарының презентациясы өтті. Негізгі модуль – «Жобаларды басқару», кеңейтілген модуль – «Бағдарлама және портфель арқылы жобаларды басқару» және «Сертификаттауға дайындық». «Ворк шоп» іскерлік ойындарды, блиц сауалдарды және кейстерді талдауды қамтиды.

«Ворк шоп» «Оушеннің 11 досы» фильмінің сценарийі негізінде интерактивті ойын форматында құрылған. Қатысушылар жобаларды басқарудың құралдары мен әдістерін меңгере отырып, командамен ойын жағдайларында жұмыс істеді. Жеңіске жеткен команда естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Ворк шопты» жобаның кәсіби жетекшісі, бизнес-тренер Евгений Пикулев,  жобаларды басқаруды әзірлеу және енгізу саласының сарапшы-кеңесшісі Александр Ли және MS Project Professional жөніндегі бизнес-тренер, АТ жобалардың жетекшісі Радимир Раюпов жүргізді.

Бұл Сәтбаев Университеті қызметкерлерінің «НКОК Н.В.» үшін жүргізген алғашқы іс-шарасы емес. Наурыз айында компания қызметкерлері үшін «Жобаларды басқару» тақырыбында тренингтер топтамасы өткізілген, нәтижесінде «НКОК Н.В.» өкілдері Сәтбаев университетінен көп қызметкерлерге арналған «Ворк шоп» өткізуді сұрады.

Сәтбаев университеті – әлемдегі жетекші Жобаларды басқару институтының (R.E.P. PMI, Пенсильвания, АҚШ) аккредиттелген білім беру провайдері болып табылады. Университеттің жобаларды басқару жөніндегі барлық бағдарламалары халықаралық PMI стандартына сәйкес келеді, сондықтан курстар аяқталғаннан кейін PDU (Professional Development Units) ресми сертификатын алуға мүмкіндік бар.

Университет осындай іс-шараларды өткізу үшін барлық біліктілікке ие және оларды үнемі жоғары деңгейде өткізеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту