11 желтоқсан 2023 2603

Сәтбаев Университеті өнеркәсіпті автоматтандыру саласы бойынша «Advantek» зертханасын ашуда

Сәтбаев Университеті өнеркәсіпті автоматтандыру саласы бойынша «Advantek» зертханасын ашуда

Сәтбаев Университетінің студенттеріне өндірісті автоматтандыру бойынша соңғы шыққан құралдар бұрынғыдан да қолжетімді болды – өткен аптада «Advantek» өнеркәсіпті автоматтандыру зертханасы салтанатты түрде ашылды. Зертхана Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы базасында ашылып, осы іс-шараға орай Қазақстан Республикасының жетекші компанияларының қатысуымен «Өнеркәсіптік автоматтандыру» атты форум өтті.

«Advantek» зертханасы Сәтбаев Университеті мен «Advantek Engineering» компаниясы арасында қол қойылған ынтымақтастық қарым- қатынас туралы меморандум шеңберінде ашылып отыр. «Advantek Engineering» компаниясы – Қазақстанда өндіріс пен технологиялық процестерді, агрегаттарды автоматтандыру саласына қажетті құралдарды жеткізуші компания ретінде танымал. Ал Сәтбаев Университеті – келешегі зор инновациялық компаниямен келісімге отырған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны.

«Advantek Engineering» – газ/бу турбиналарын, компрессорлық және газ поршеньді қондырғыларды автоматты түрде басқару саласы бойынша маманданған компания. Ол мұнай-газ, энергетика, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларындағы технологиялық процестерді автоматты түрде басқару жүйелерін әзірлеуші және жеткізуші жетекші компания болып табылады.

Master Scada негізіндегі визуализациямен және өнеркәсіпті автоматтандыру саласындағы Supcon, Crevis, Red Lion секілді жетекші өндірушілердің құралдарымен жабдықталған «Advantek» өнеркәсіпті автоматтандыру зертханасы дәл осы тақырыпқа арналған. Зертхананың негізгі мақсаты – мамандар даярлау, өзара тәжірибе алмасу және өнеркәсіпті автоматтандыру саласы бойынша заманауи жоғары технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеу.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту