6 маусым 2022 4514

Сәтбаев Университеті өз тәжірибесін «Қазақмыс» Корпорациясының кәсіби колледжіне береді

Сәтбаев Университеті өз тәжірибесін «Қазақмыс» Корпорациясының кәсіби колледжіне береді

«Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі» Жеке Мекемесінің оқытушылары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыру үшін түсті металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту бағыты бойынша Сәтбаев Университетінде он күндік тағылымдамадан өтті.

Оқытушылар материалдарды алудың жаңа пиро- және гидрометаллургиялық әдістерін зерттеді, металлургия және кендерді байыту саласындағы жаңа озық технологиялармен, жаңа жабдықтармен танысты. Кәсіби оқытушылар өзара идеялармен алмасты, бірлескен зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, әдістемелік құралдарды құру, кәсіптік бағдар беру бойынша жоспарларды талқылады.

Практикалық жұмыстар пиро- және гидрометаллургиялық бағыттағы зертханаларда, сондай-ақ «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының кен дайындау, гравитациялық, флотациялық, магнитті кен байыту зертханаларында жүргізілді. Колледж оқытушылары университет қызметкерлеріне жоғары деңгейде өткізілген тағылымдама үшін алғыстарын білдірді.

«Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі» Жеке Мекемесі – Қарағанды облысының металлургия және бағдарламалау саласында дайындауға маманданған техникалық кәсіби оқытудағы көшбасшы. Тағылымдаманы Сәтбаев Университетінің Ө. А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты мен Қашықтықтан білім беру және кәсіби даму институтының Корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі ұйымдастырды. Тағылымдама нәтижесі бойынша 72 сағат көлемінде жаңа материал игерілді және сертификаттар берілді.

Satbayev University передает свой опыт профессиональному колледжу корпорации «Казахмыс»

Satbayev University передает свой опыт профессиональному колледжу корпорации «Казахмыс»

Satbayev University передает свой опыт профессиональному колледжу корпорации «Казахмыс»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту