Ақпарат:

23 маусым 2023 5485

Сәтбаев Университеті Өзбекстанда өз өкілдігін ашуда

Сәтбаев Университеті Өзбекстанда өз өкілдігін ашуда

2023 жылғы 23 маусым күні Сәтбаев Университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегация Ташкенттегі Кимё халықаралық университетінде (Ташкент, Өзбекстан) ресми сапармен болды. Сапар барысында екі университет Ташкенттегі Кимё халықаралық университеті (Kimyo International University in Tashkent) базасында Сәтбаев Университетінің өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды.

Келісім аясында ғылым және жоғары техникалық білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ бірлескен бағдарламаларды әзірлеу көзделіп отыр. Осылайша Сәтбаев Университеті Ташкентте Ғарыштық инженерия, IT-технологиялар, Материалтану және машина жасау сияқты білім беру бағдарламаларын ашуды жоспарлап отыр.

Ташкент Кимё халықаралық университеті – Өзбекстандағы алғашқы жеке жоғары оқу орны болып табылады, ол 2018 жылы Ташкентте Ёджу техникалық институты ретінде құрылған болатын.

Қазір университет құрамында бес жоғары білім беру мектебі бар, ол 29 бакалавриат мамандығы және 20 магистратура мамандығы бойынша күндізгі, сырттай және кешкі оқыту түрлері бойынша өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жоғары білікті мамандар даярлайды. Студенттердің жалпы саны 40 мыңнан асады.

Сәтбаев Университетінің Өзбекстандағы өкілдігі өзбекстандық студенттерге инженерлік-техникалық салада сапалы білім алуға мүмкіндік береді және Қазақстан мен Өзбекстан арасында ғылым мен жоғары техникалық білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болмақ.

Бұл ынтымақтастық қарым-қатынас жаңа инновациялық жобаларды жасауға жол ашады және аймақтағы экономика мен технологиялық прогрестің дамуына ықпал етеді деп сенеміз.

Сәтбаев Университеті Өзбекстанда өз өкілдігін ашуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту