Сәтбаев Университеті өзінің ең үздік техникалық университет екенін тағы да дәлелдеді
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық тәуелсіз агенттіктің (IQAA) бағалауы бойынша Сәтбаев Университеті Қазақстандағы № 1 техникалық университет мәртебесін сақтай отырып, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсартуды жалғастырып келеді.
2020 жыл Қазақстандағы жоғары білім үшін үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Көптеген университеттер қашықтықтан білім беру форматына көшті, жаңартылған білім беру бағдарламалары, ақпараттық білім беру технологиялары біртіндеп алға шығып, ескі тәсілдер өзінің өзектілігін ақырыпдап жойып келеді. Сәтбаев университеті дәстүрлі білім беру үдерісінің жоғары сапасын жоғалтпай, жаңа қалыпқа тиімді түрде бейімделген университеттер арасында бірінші орында тұр.
Білім берудің жоғары деңгейі мен белсенді инновациялық жұмыс университетке жылдан-жылға өзінің ең үздік техникалық университет екенін дәлелдеуге мүмкіндік беріп келеді. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking/НAOKO) биылғы жылы да университетке 100-ден 95,87 балл беріп, Сәтбаев Университеті – елдегі ең үздік техникалық университет екенін қатарынан үшінші рет дәлелдеп, мәртебесін көтеріп отыр.
IQAA университеттің бакалавриат пен магистратурадағы инновациялық білім беру бағдарламаларын жоғары бағалады; университеттің 20-дан астам бағдарламалары білім беру бағдарламалары мен олардың топтары рейтингінің ең үздік үштігіне кірді. IQAA әсіресе Сәтбаев Университетіндегі дәстүрлі «Мұнай инженериясы», «Құрылыс инженериясы», сондай-ақ «Робототехника және мехатроника» бағдарламаларын ерекше атап өтті, өйткені олар дайындықтың барлық деңгейлерінде (бакалавриат пен магистратурада) ең жоғары бағаға ие болған. Мұндай нәтиже – кадрларды даярлау сапасын және біздің түлектеріміздің жоғары кәсіби біліктілігі мен еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілетті болатындығын мойындау.
Сәтбаев Университетінің білім беру және ғылыми процесінің жоғары деңгейі ұлттық рейтингпен ғана емес, сонымен қатар халықаралық беделді рейтингтермен де дәлелденіп келеді:
- Quacquarelli Symonds 2021 – 501-510-орын (+30 пункт);
- Times Higher Education Asia University 2021 – 351-400-орын (алғаш рет еніп отыр).
THE (Times Higher Education) World University Rankings және QS World University Rankings – әлемдегі ең беделді университеттер рейтингі болып табылатындығын атап өту керек. Олар Әлемдік университеттердің академиялық рейтингімен (Academic Ranking of World Universities) қатар, ең объективті және ықпалды рейтингтер болып саналады. Осы рейтинг тізімінде жарияланған университеттер мұқият тексерістен өтіп, жыл сайынғы қорытынды тізімге тек таңдаулы университеттер ғана енгізіледі.
– Сәтбаев Университеті – бұл ең ерекше тұрған жалғыз қазақстандық университет, – деді Сәтбаев Университеті Қашықтықтан білім беру институтының директоры Андрей Симонов, – PolytechOnline қашықтықтан білім беру платформасынан басқа университет деректерді интеллектуалды талдау құралдарын қолдана отырып, тиімділіктің үздіксіз өсуін қамтамасыз ететін бірегей академиялық және ғылыми-зерттеулік экожүйе жасады. Осылайша жүйенің барлық элементтерін үнемі жаңарту және жетілдіріп отыру университетке әлемдік академиялық аренада керемет жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.
Қазақстанның алғашқы техникалық үздік университеті бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, әрі қарай дамуды жоспарлап отыр. Университет тек қана студенттерге бағытталған оқыту әдістерін көбірек енгізгелі отыр, ол студенттерге мәселелерді белгісіздік жағдайында шешуге мүмкіндік беретін тамаша дағдыларды үйретеді. Университет қызметінің тағы бір бағыты – жоғары оқу орны базасында ұлттық деңгейде жұмыс істейтін ең ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру, яғни аймақтармен тығыз байланыста жұмыс істейтін ғылыми-зерттеулік кешенін құру. Бұл университетке өзінің жетекшілік позициясын сақтауға, сөйтіп әлемдік білім беру нарығында өзін белсенді түрде жариялауға көмектеседі.