Сәтбаев Университеті өзінің негізін қалаушыларды еске алуда
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің биылғы 30 жылдығы қарсаңында қазақтың тұңғыш математигі, профессор, Қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан тұлғалардың бірі Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың 130 жылдық мерейтойы тойланып отыр. «Алаштың» ең жас мүшесі атанған ол небары 29 жасында Мәскеуде В.И. Лениннің төрағалығымен өткен отырыста өзінің қарсыластарына жігерлі түрде жауап қайтара біліп, өз қабілеттілігін көрсетті. Осы отырыста республикамыздың шекарасын анықтау туралы қызу пікірталас барысында ол бірқатар аймақтарды, атап айтқанда, Каспий жағалауының, Ақмола мен Семей облыстарының өте маңызды жерлерін Қазақстанға қайтарып алды.
Әлімхан Әбеуұлы біздің университетте жалпы техникалық факультеттің деканы болып қызмет атқарды (1935-37). Сондай-ақ университеттің еншілес құрылымын дамытуға да өз үлесін қосты. Ал Әлімхан Ермековтің немере інісі Мұхсын Әмірханұлы Металлургия және кен байыту институтының тұңғыш директоры болды.