10 қараша 2023 3574

Сәтбаев Университеті QS Asia University Rankings көрсеткіші бойынша жоғары көтерілді

Сәтбаев Университеті QS Asia University Rankings көрсеткіші бойынша жоғары көтерілді

Азиядағы үздік университеттердің көрсеткіші – аймақтық QS Asia University Rankings 2024 рейтингі жарияланды. Бұл көрсеткіш бойынша биыл Сәтбаев Университеті өткен жылғы нәтижені 23 позицияға жақсартып, 105-орынға көтерілді. Орталық Азиядағы университеттер арасында біздің университет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы ұлттық университеттен кейін 3-орында тұр.

Университет техникалық мамандықтар саласы бойынша академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі арқасында рейтингте жетекші орынға ие болып отыр. Оның QS рейтингіндегі жоғары көрсеткіші оның аймақта академиялық шеберлік орталығы ретіндегі мәртебесінің биіктігіне және жұмыс берушілер арасында кеңінен танымал екендігіне куә болады. Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі мен білім сапасы инженер болғысы келетін жастар үшін университетті тартымды етеді.

Қазақстандық университеттер халықаралық рейтингтерге жылдан-жылға жиі қатысады. Биыл QS Asia University Rankings рейтингіндегі қазақстандық университеттердің саны рекордтық көрсеткішке, яғни 34-ке дейін өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі университетке көп. Сонымен қатар рейтинг географиясы да кеңейді, қазір оған Қазақстанның 17 қаласының жоғары оқу орындары қатысады, бұл да үлкен жетістік. Былтырғы рейтингке еліміздің 16 қаласының университеттері қатысқан болатын.

QS Asia University Rankings – студенттер мен оқытушыларға жоғары білім туралы негізделген шешім қабылдауға сенімді ақпарат беру үшін Азияның жүздеген университеттерін бағалайтын жыл сайынғы рейтинг. Рейтингтер қайта қаралып отыратын сенімді әдістемеге негізделген, оның өзектілігі мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін, ол үнемі жаңартылып отырады. Сапаға деген бұл ұқыптылық оқу орнын жоғары білім беру саласы бойынша жетекші рейтингтің QS беделіне ие етті.

Сәтбаев Университеті QS Asia University Rankings көрсеткіші бойынша жоғары көтерілді  Сәтбаев Университеті QS Asia University Rankings көрсеткіші бойынша жоғары көтерілді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту