22 қараша 2023 2604

Сәтбаев Университеті QS рейтингі бойынша Қазақстанның үздік ЖОО қатарында

Сәтбаев Университеті QS рейтингі бойынша Қазақстанның үздік ЖОО қатарында

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында QS World University Ranking 2024 рейтингіне қатысушы қазақстандық университеттерге ресми сертификаттар тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. Қазақстандағы тұңғыш техникалық жоғары оқу орнының білім сапасы мен ғылыми жұмысының жоғары деңгейін растайтын сертификаттарды Сәтбаев Университеті атынан университет ректоры Мейрам Бегентаев қабылдады.

Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін QS Quacquarelli Symonds компаниясының президенті әрі оның негізін қалаушы Нунцио Квакварелли мен аймақтық директоры Сергей Христолюбов ресми сапармен Сәтбаев Университетінде болып, университеттің инфрақұрылымымен және оның ғылыми жетістіктерімен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, аймақтық QS Asia University Rankings 2024 рейтингінде Сәтбаев Университеті өткен жылғы нәтижені 23 позицияға жақсартып, 105-орында тұр. Орталық Азиядағы университеттері арасында біздің университет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық универитетінен кейінгі 3-орында тұр.

Университет техникалық мамандықтар саласы бойынша өзінің академиялық және ғылыми-зерттеу қызметінің арқасында рейтингте жетекші орынға ие болды. QS рейтингіндегі жоғары орны аймақтағы оның академиялық шеберлік орталығы мәртебесін және жұмыс берушілер арасында кеңінен танылғанын растайды. Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі мен білім сапасы университетті болашақ инженерлер үшін тартымды етеді.

QS World University Rankings – әлемдегі ең объективті және ықпалды университеттер рейтингі үштігінің бірі болып табылады, ол Times Higher Education World University Rankings және World University Rankings академиялық рейтингімен қатар өтеді. Оның авторы – британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы. Рейтингте бірінші орынды дәстүр бойынша MIT (Массачусетс, АҚШ) алды.

Сәтбаев Университеті осы мәртебелі сертификатты алуға күш-жігері мен сапалы білім беруге деген ұмтылысы арқылы ықпал еткен барлық оқытушыларға, студенттерге және қызметкерлерге алғыс білдіреді.

Сәтбаев Университеті QS рейтингі бойынша Қазақстанның үздік ЖОО қатарында

Сәтбаев Университеті QS рейтингі бойынша Қазақстанның үздік ЖОО қатарында

Сәтбаев Университеті QS рейтингі бойынша Қазақстанның үздік ЖОО қатарында

Сәтбаев Университеті QS рейтингі бойынша Қазақстанның үздік ЖОО қатарында

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту