Ақпарат:

4 наурыз 2020 6380

Сәтбаев университеті Ректорының коронавирус індеті жөніндегі үндеуі

Сәтбаев университеті Ректорының коронавирус індеті жөніндегі үндеуі

Сәтбаев Университетінің Ректоры Искандер БейсембетовҚұрметті әріптестер! Коронавирус індеті дүние жүзіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты біз бұл індеттің жайылуының алдын алуымыз керек. Сол үшін алдағы екі айда:

1. Барлық шетелдік және ішкі әуе қатынастары мен жүрістерді қысқартып, шетелдерден және басқа қалалардан да ешкімді шақырмаңыздар;

2. Ешқандай көпшілік іс-шараларға қатыспауға және оны өздеріңіз де ұйымдастырмауға тырысыңыздар, сол сияқты өндірістік жиналыстарды да өткізбеңіздер.

3. Университет ішінде және жатақханаларда дезинфекциялық құралдарды қолдануды 50%-ға көбейту керек. Оларды қолдануға қатаң бақылау жасау керек.

4. Кез келген инфекциялық ауру түрлерінің белгісі бар қызметкерлердің жұмысқа келуіне тыйым салынсын. Ауырған адам жұмысқа келген жағдайда – қатаң сөгіс жариялансын.

5. Ауырған адам жұмысқа келмегені үшін одан медициналық анықтама талап ету доғарылсын.

6. Сабаққа дейін және сабақ біткеннен кейін күзет қызметкерлері университеттің барлық бөлмелерінің терезелерін ашып, ауасын тазартсын.

7. Университет жатақханаларына бөтен адамдардың кіруі, тіпті студенттердің ата-аналарының да келуі тоқтатылсын.   

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту